19:02 22 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
Портфель

Мәдениет және спорт министрлігіне жаңа басшы келеді

© Sputnik / Владимир Федоренко
Саясат
Қысқа сілтеме алу
2791 0 0

Арыстанбек Мұхамедиұлы мәдениет және спорт министрлігін бес жылдан астам басқарды

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Мәжілісте мәдениет және спорт министрі лауазымына Ақтоты Райымқұлованың кандидатурасы келісілді, деп хабарлады төменгі палатаның баспасөз қызметі. 

Мәжілісте әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы өтті. Үкімет басшысының тапсырмасымен Райымқұлованың кандидатурасын депутаттардың қарауына премьер-министр кеңсесінің жетекшісі Ғалымжан Қойшыбаев ұсынды. 

Комитет мүшелері Райымқұловаға бірқатар сұрақ қойып, оның кандидатурасын министр болуға лайық деп тапты. Отырыс соңында депутаттар кандидатқа алдағы жұмысына табыс тіледі.

Ақтоты Райымқұлова 2016 жылдың қазан айынан бастап мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарып келеді.

Тағы оқыңыз: Мұхамедиұлы президенттер алдында өнер көрсетті

Айта кетсек, Арыстанбек Мұхамедиұлы ведомствоны бес жылдан астам басқарды. Ол мәдениет министрі болып 2014 жылдың наурызында тағайындалған болатын.

Ақтоты Райымқұлова туралы не білеміз?

Ақтоты Райымқұлова 1964 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын "Композиция және фортепиано" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2007 жылы Халықаралық бизнес академиясын МВА дәрежесімен бітіреді.

Райымқұлова әр жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының концертмейстері, тәрбие және концерт жұмысы жөніндегі проректоры болып еңбек етті. Қазақ қыздар педагогикалық институтында оқытушы болған.

2013 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің мәдениет және өнер ісі комитетінің төрағасы болып тағайындалады. Бір жылдан кейін Мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет және өнер істері департаментінің директоры болады. 2016 жылы қазанда Райымқұлова мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне келеді.

Ақтоты Райымқұлова симфониялық поэмалар, спектакль мен кинофильмдер музыкасының, көптеген әннің авторы. 

Тақырып бойынша

"Мазаланбай-ақ қойыңыз". Арыстанбек Мұхамедиұлы сөзін бөлген ақынға ашуланды
Мұхамедиұлы кесенеде намаз оқитындар туристерді шошытатынын айтты
Министр қазақша мультфильмдердің жоқтығына қапаланған депутатқа ән шырқап берді
Мәдениет министрлігі лауазымды тұлғаларының ұсталуына қатысты түсініктеме берді
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы – өмірбаян
Кілт сөздер:
Ақтоты Райымқұлова, Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып