19:50 22 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.87
  • EUR432.52
  • RUB6.11
Арыстанбек Мұхамедиұлы

Тоқаев Арыстанбек Мұхамедиұлын қызметінен босатты

© Sputnik / Болат Шайхинов
Саясат
Қысқа сілтеме алу
4678 0 0

Арыстанбек Мұхамедиұлы мәдениет және спорт министрлігін бес жылдай басқарды

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Қазақстан президентінің жарлығымен Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР Мәдениет және спорт министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"Мемлекет басшысының жарлығымен Арыстанбек Мұхамедиұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі қызметінен босатылды", - деп хабарлады Ақорда.

Мұхамедиұлының орнына орынбасары Ақтоты Райымқұлова келді. 

"Ақтоты Рахматоллақызы Райымқұлова Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалсын", - делінген Тоқаев қол қойған жарлықта.

Айта кетсек, Арыстанбек Мұхамедиұлы ведомствоны бес жылдай басқарды. Ол мәдениет және спорт министрі болып 2014 жылдың 6 тамызында тағайындалған болатын.

Ақтоты Райымқұлова туралы не білеміз?

Ақтоты Райымқұлова 1964 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын "Композиция және фортепиано" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2007 жылы Халықаралық бизнес академиясын МВА дәрежесімен бітіреді.

Вице-министр культуры и спорта Казахстана Актоты Раимкулова
© Sputnik / Владислав Воднев
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова

Райымқұлова әр жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының концертмейстері, тәрбие және концерт жұмысы жөніндегі проректоры болып еңбек етті. Қазақ қыздар педагогикалық институтында оқытушы болған.

2013 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің мәдениет және өнер ісі комитетінің төрағасы болып тағайындалады. Бір жылдан кейін Мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет және өнер істері департаментінің директоры болады. 2016 жылы қазанда Райымқұлова мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне келеді.

Ақтоты Райымқұлова симфониялық поэмалар, спектакль мен кинофильмдер музыкасының, көптеген әннің авторы. 

Тақырып бойынша

Бақыт Сұлтанов жаңа министрлікті басқарады
Қазақстанда жаңа министрлік құрылады: оны кім басқарады
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы тағайындалды
Мәдениет және спорт министрлігіне жаңа басшы келеді
Жаңа білім және ғылым министрі тағайындалды
Кілт сөздер:
Ақтоты Райымқұлова, Қасым-Жомарт Тоқаев, Арыстанбек Мұхамедиұлы
Загрузка...

Басты тақырып