23:29 21 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
ҰҚК шекара қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сыртқы барлау қызметінің функциялары берілді

© Photo: Сайт Аsker.kz
Саясат
Қысқа сілтеме алу
69 0 0

Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы барлау ведомствосына қатысты жарлыққа қол қойды

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы барлау қызметін қайта ұйымдастыру туралы жарлыққа қол қойды.

"Ұлттық қауіпсіздікті нығайту және арнаулы мемлекеттік органдардың құрылымын оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосу арқылы "Сырбар" сыртқы барлау қызметі қайта ұйымдастырылсын", - делінген құжатта.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Алматы, Шымкент қалалары мен облыс әкімдерін тағайындады

Сонымен қатар, мемлекет басшысының жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствосы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыртқы барлау қызметі құрылады.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті сыртқы барлау қызметі туралы ереженің жобасын президенттің қарауына ұсынуы тиіс.

Сондай-ақ, "Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы" мемлекет басшысының жарлығынан "Қазақстан Республикасының "Сырбар" сыртқы барлау қызметі" деген жол алынып тасталады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда жаңа министрлік құрылады: оны кім басқарады?

Кілт сөздер:
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Загрузка...

Басты тақырып