Саясат

Төрт тіл біледі: Тоқаев кеңесшісін тағайындады

© Sputnik / Болат ШайхиновПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары президенттің кеңесшісі болды

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым — Sputnik. Мақсат Сқақов Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Мақсат Нұрлыбекұлы Сқақов Қазақстан Республикасы президентініңштаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Мақсат Сқақов бұған дейін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Президенттің жаңа штаттан тыс кеңесшісі 1978 жылы Қызылорда облысында туған. Тарих пәні мұғалімі, құқық және экономика негіздері, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша білім алады. "Болашақ" бағдарламасы бойынша АҚШ-та оқыған. Философия және экономика ғылымдарының докторы. Қазақ, орыс, ағылшын және араб тілдерін біледі.

© Пресс-служба акима Мангистауской областиМақсат Сқақов
Төрт тіл біледі: Тоқаев кеңесшісін тағайындады - Sputnik Қазақстан
Мақсат Сқақов

Елбасының күзет қызметінде еңбек еткен. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің офицері. Премьер-министр кеңесшісі, Мәдениет және ақпарат  министрлігінің тілдер комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

Бұдан бөлек, Мақсат Сқақов – қазақ күресінен елордалық федерацияның президенті және Маңғыстау облысы бойынша джиу-джитсу федерациясының басшысы. Спорттық жетістіктері туралы айтсақ, Қазақстан қарулы күштерінің әскери самбодан чемпионы, самбо мен дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Жаңалықтар
0