Саясат

Жаңа министрлікке қандай өкілеттіктер беріледі?

© Sputnik / Евгений Епанчинцев / Медиабанкке өтуГорная река, архивное фото
Горная река, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа ведомствоға ауыл шаруашылығы және энергетика министрліктерінің бірқатар өкілеттігі ауысады

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев жаңадан құрылған министрлікке қандай функциялардың берілгенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Осыдан бес күн бұрын президенттің жарлығымен экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі құрылған болатын. Оған ауыл шаруашылығы министрлігінің бірқатар өкілеттігі беріледі.

"Ол жаққа су кетеді. Орман, аң, балық, сосын трансшекаралық өзен-сулар жаңа министрлікке ауысады. Сөйтіп, қазір осы салаларға жауапты комитеттердің барлығы қаз-қатар тізіледі де, жаңа минстрлікке кіріп кетеді. Мен де олардың артынан ілесіп отырамын", - деді Нысанбаев Sputnik Қазақстан тілшісіне берге сұқбатында.

Айта кетейік, жаңадан құрылған мемлекекеттік органға энергетика министрлігінің бірқатар өкілеттігі де ауысатын болды. Соның ішінде экология мәселелері бар. Жаңа ведомствоны экономика министрі Қанат Бозымбаевтың бұрынғы орынбасары Мағзұм Мырзағалиев басқаруға кірісті.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда жаңа министрлік құрылады: оны кім басқарады?

"Мағзұм Маратұлы – тәжірибелі басшы. 6 жылдан астам уақыт бойы энергетика вице-министрі қызметін атқарды. Үш министрмен жұмыс істеді. Төрт үкіметпен істеді-ау деймін. Біздің министрлігімізде жер қойнауын пайдалану жұмысына жауап берді. Геология мәселелерін жақсы біледі. Ал экологияға жауапты вице-министрлер болмағанда олардың жұмысын істеді. Сондықтан экология мәселелерін де жақсы біледі", - дейді Бозымбаев.

Жаңалықтар
0