00:17 21 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
Қайрат Мәми

Конституциялық кеңес президент сайлауына қатысты мәлімдеме жасады

© Photo: Официальный сайт ВС РК
Саясат
Қысқа сілтеме алу
Президент сайлауы - 2019 (176)
2272 0 0

Қайрат Мәми Қазақстанда жоғары биліктің байсалды түрде ауысқанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы өкілеттігінің көшуі және кезектен тыс президент сайлауы Конституция талаптарына қатаң сәйкестікте өтті. Бұл туралы Конституциялық кеңестің төрағасы Қайрат Мәми мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстанның Конституциялық кеңесі "Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы" жолдау жариялады. Кеңес төрағасы Қайрат Мәми жуырда өткен кезектен тыс президент сайлауына тоқталды. Ол Қазақстанда жоғары билік байсалды түрде ауысқанын атап өтті.

Тағы оқыңыз: Тоқаев сайлау қорытындысын естігенде қандай сезімде болды?

"Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда өз еркімен отставкаға кететінін жариялап, мемлекет басшысы ретіндегі өкілеттігін тоқтатты. Конституция нормаларына сәйкес, республика президентінің өкілеттігі парламент сенатының төрағасына өтті. 9 маусымда өткен кезектен тыс президент сайлауында Қазақстан президенті болып Қасым-Жомарт Тоқаев сайланды. Мемлекет басшысы өкілеттігінің көшуі және кезектен тыс президент сайлауы Конституция талаптарына қатаң сәйкестікте өтті", - деді Мәми.

Оның айтуынша, осылайша Ата заңды адал сақтау бағытының сабақтастығы және қоғам мен мемлекеттің бұлжымастығы тағы да расталды.

"Биліктің көшуі қалыпты жағдайда өтті. Бұл Қазақстанның ішкі тұрақтылығын қамтамасыз етудің және халықаралық беделінің деңгейін анықтайтын маңызды факторлар", - деді кеңес төрағасы.

Сондай-ақ, Мәми есептік кезеңде елімізде конституционализмді дәйекті түрде орнықтыру, Конституцияның ережелері мен нормаларын қолданудың тиімділігін арттыру, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандығына кепілдік беру жөнінде ауқымды жұмыс атқарылғанын айтты.

Президент сайлауы

Айта кетсек, 9 маусымда Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Бұл жолы мемлекет басшысы лауазымына жеті кандидат таласты. Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың басым бөлігінің сеніміне ие болды. Екінші орынға "Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан сайлауға түскен Әміржан Қосанов, ал үшінші орынға "Ақ жол" демократиялық партиясының кандидаты, жалғыз әйел үміткер Дания Еспаева жайғасты.

Тақырып:
Президент сайлауы - 2019 (176)

Тақырып бойынша

Қытай Тоқаевтың президент болып сайлануына қатысты пікір білдірді  
Әміржан Қосанов билікке таласа алатын жаңа оппозиция құратынын айтты
"Халық кедейліктен көшеге шықты": Тоқаев Қазақстандағы митингілер туралы айтты
Тоқаев қазақстандықтарға наразылық шеруіне шығуға рұқсат берілетінін айтты
Митинг кезінде 4 мыңға жуық адамның ұсталғаны белгілі болды
Кілт сөздер:
мәлімдеме, президент сайлауы, Конституциялық кеңес
Загрузка...

Басты тақырып