03:49 08 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.97
  • EUR427.12
  • RUB6.04
Грузия парламенті ғимаратының жанындағы наразылық акциясы

Грузия президенті ресейлік туристер ағынын сақтап қалу қажеттігін айтты

Sputnik
Саясат
Қысқа сілтеме алу
63 0 0

Зурабишвили ресейлік туристердің Грузияға емін-еркін келіп-кетуі тиіс екенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым — Sputnik. Грузия президенті Саломе Зурабишвили Euronews телеарнасына берген сұхбатында ресейлік туристерге Грузияға келу мүмкіндігі берілуі тиіс екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, саясаткерлер туындаған проблеманың шешімін табуы керек.

Кеше Ресей президенті Владимир Путин ресейлік әуе компанияларына 8 шілдеден бастап Грузияға ұшуға тыйым салатын жарлыққа қол қойғаны белгілі болды. Ұшуды тоқтатуға авиациялық қауіпсіздік деңгейінің жеткіліксіздігі себеп болған.

"Туристер бізге келуге мүмкіндік алуы керек, өйткені олар Грузияны жақсы көреді. Ал саясаткерлер мен басшылар осы жағдайды тудырған проблеманың шешімін табуы керек", - деп түсініктеме берді Саломе Зурабишвили қалыптасқан жағдайға.

Грузияда болған оқиғалар туристер мен халыққа еш әсер етпеуі керек, деп түсіндірді Зурабичвили.

  • Акции протеста у здания парламента Грузии
    Акции протеста у здания парламента Грузии
    Sputnik
  • Грузия парламенті ғимаратының жанындағы наразылық акциясы
    Грузия парламенті ғимаратының жанындағы наразылық акциясы
    Sputnik
  • Грузия парламенті ғимаратының жанындағы наразылық акциясы
    Грузия парламенті ғимаратының жанындағы наразылық акциясы
    Sputnik
  • Грузия парламенті ғимаратының жанындағы наразылық акциясы
    Грузия парламенті ғимаратының жанындағы наразылық акциясы
    Sputnik
1 / 4
Sputnik
Акции протеста у здания парламента Грузии

Мемлекет басшысының айтуынша, "Грузияға да, Еуроодаққа да тағы бір шиеленіскен ірі аймақтың қажеті болмағандықтан", Грузия жағдайды ушықтырмауға мүдделі.

Грузияда қазір Ресейден топтасып барған 5-7 мыңға жуық турист жүр, ал одан екі-үш есе көп ресейлік өздері саяхаттап барған, деп хабарлады РИА Новости Ресей туроператорлар қауымдастығына сілтеме жасап.

Тбилисиде не болып жатыр?

20 маусымда басталған Тбилисидегі наразылық толқыны кейінірек тәртіпсіздіктерге ұласты. Митингілерге Мемлекеттік дума депутаты Сергей Гавриловтың Грузияға келуі себеп болды. Наразы топ парламентке баса-көктеп кіруге әрекеттенген. Полиция қызметкерлері көзден жас ағызатын газ бен резеңке оқ қолдануға мәжбүр болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, тәртіпсіздіктер кезінде 200-ден астам адам зардап шекті, оның ішінде 80 полиция қызметкері бар. 28 адам ауруханада жатыр, олардың екеуі хал үстінде, деп хабарлады Sputnik Грузия. 

Кілт сөздер:
Ресей, Грузия, митинг
Загрузка...

Басты тақырып