11:15 22 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD386.44
  • EUR428.37
  • RUB6.06
Бердібек Сапарбаев

Оралмандардың еңбек өтілі зейнетке шыққанда есептеле ме – Сапарбаев жауап берді

© Photo : Пресс-служба акима Актюбинской области
Саясат
Қысқа сілтеме алу
1860 0 0

Қазақстан мен Моңғолия, Қытай елдері арасында еңбек өтіліне қатысты келісімшарт бекітілген

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Қазақстанға оралған қандастардың еңбек өтілі зейнетке шыққанда есепке алынады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Халыққа есеп беру кездесуінде министрге елге оралған қандастардың зейнетақысы туралы сұрақ қойылды.

"Басқа елден көшіп келген қазақтарға зейнетақы тағайындаған кезде, олардың бұрын тұрған елдеріндегі еңбек өтілі ескеріле ме? Мені қызықтыратыны Моңғолиядан келген азаматтар. Зейнетақы алу кезінде оларға қатысты шектеу болмай ма?", - деп сұрады тұрғындардың бірі.

Сапарбаев бұған дейін Моңғолия, Қытай елдерімен Қазақстан арасында әлеуметтік төлемдер, еңбек өтіліне қатысты келісімшарт болмағанын атап өтті. Соның кесірінен ол кісілердің Моңғолияда істеген жылдары есепке алынбайтын.

"Қазір ондай келісімшарт бар, сондықтан Моңғолиядан, Қытайдан оралған қандастардың сол жақтағы еңбек өтілі есепке алынады. Олар қазақстандық зейнеткерлер сияқты зейнетақы алады", - деп жауап берді министр.

Айта кетсек, өткен жылы елімізде зейнетақы 23%-ке өсіп, зейнетақының орташа мөлшері 81 062 теңгені құрады.

2019 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша, базалық зейнетақының орташа мөлшері 27 001 теңге, ал жиынтық зейнетақының (ынтымақты және базалық зейнетақы) орташа мөлшері 85 785 теңге болған.

Тақырып бойынша

Қытайдағы қазақтар туралы фильм әлемнің назарын аударды
Зейнеткерлер мен оралмандар тегін баспана алушылар тізімінен алынып тасталады
Моңғолиядағы қазақтар да алаңдап отыр – қандас ақын
Еңбек министрі Қазақстанда орташа зейнетақы қанша екенін айтты
Сапарбаев зейнетақы неге бірден толық көлемде берілмейтінін түсіндірді
Мемлекеттен баспананы кімдер тегін алады?
Кілт сөздер:
зейнетақы, Бердібек Сапарбаев, оралмандар
Загрузка...

Басты тақырып