Саясат

Ақтөбе қаласына жаңа әкім тағайындалды

© Photo : Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметіАқтөбе қаласының әкімі болып Мавр Абдуллин тағайындалды
Ақтөбе қаласының әкімі болып Мавр Абдуллин тағайындалды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа әкім Ақтөбе қаласын 3 жыл басқарған Ілияс Испановтың орнына келді

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым — Sputnik. Ақтөбе қаласының әкімі болып Мавр Абдуллин тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

ҚР президенті әкімшілігінің және Ақтөбе қалалық мәслихатының келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен қала басшылығы қызметіне Мавр Абдуллин келді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жаңа әкімді қала активіне арнайы таныстырған өңір басшысы Оңдасын Оразалин алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

"Қалада тұрғын үймен қамту, көп балалы аналардың әлеуметтік жағдайына оң ықпал ету, экологиялық жағдайды қалыпқа келтіру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қала тұрғындарымен ауызбіршілікте жұмыс жасайды деп сенемін, жаңа әкім осы бағыттағы жұмыстарды жеделдетіп, сапалы түрде атқару қажет", - деді Оразалин.

Мавр Абдуллин кім

Мавр Ерғалиұлы Абдуллин 1973 жылы туған. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген. Ойыл аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Ойыл ауданы әкімінің орынбасары, облыстық ауыл шаруашығы басқармасы басшысының орынбасары, Ойыл, Алға аудандарының әкімі қызметтерін атқарды.

Облыс әкімі Ақтөбе қаласын 3 жыл басқарған Ілияс Испановке қаланың дамуына қосқан үлесін, әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге атсалысқаны үшін алғысын білдіріп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Жаңалықтар
0