09:40 19 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Қырымбек Көшербаев

Қырымбек Көшербаев президент әкімшілігінің басшысы болды

© Sputnik / Болат Шайхинов
Саясат
Қысқа сілтеме алу
3680 0 0

Бұған дейін президент әкімшілігін Бақытжан Сағынтаев басқарған еді

НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Қырымбек Көшербаев президент әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың сайтында хабарланды.  

"Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалсын, ол Қызылорда облысының әкімі қызметінен босатылсын", - деп жазылған мемлекет басшысының жарлығында.

Бұған дейін президент әкімшілігін Бақытжан Сағынтаев басқарды. Ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Қырымбек Көшербаев туралы не білеміз?

1955 жылы 20 мамырда Қызылорда облысы Қазалы қаласында дүниеге келген. В. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын құрылыс инженері мамандығы бойынша, ал 1991 жылы КОКП орталық комитеті жанындағы қоғамдық ғылымдар академиясының аспирантурасын саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген. ҚР президентінің баспасөз хатшысы – баспасөз қызметінің жетекшісі болды.

Әр жылдары білім және спорт министрі, бұдан соң денсаулық сақтау, білім және спорт, білім және ғылым министрі лауазымын атқарды.

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облысының әкімі, Ресей, Финляндия мен Армениядағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі қызметінде болды.

2012 жылғы шілде-қыркүйек айларында – Қазақстан президентінің кеңесшісі, 2012 жылдан ҚР премьер-министрінің орынбасары лауазымын атқарды. 

"Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев", 2009 жылы ІІ дәрежелі "Барыс", 2003 жылы "Парасат, 2006 жылы "Достық" (РФ) ордендері және медальдарымен марапатталған.

Бақытжан Сағынтаевтың өмірбаяны

1963 жылы 13 қазанда Жамбыл облысының Талас ауданындағы Үшарал қаласында дүниеге келген. 1985 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітіріп, экономист, саяси экономика пәнінің оқытушысы болып шыққан. Сол жылы Алматы халық шаруашылығы институтында саяси экономика кафедрасының оқытушысы қызметіне кірісті. Ал үш жылдан кейін Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің әлеуметтану кафедрасында ассистент, аға оқытушы және доцент болып жұмыс істеді.

Сағынтаев әр жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы, премьер-министрі кеңсесінің жетекшісі, Павлодар облысының әкімі, Қазақстанның экономикалық даму және сауда министрі, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары, премьер-министрдің бірінші орынбасары, Қазақстанның премьер-министрі, мемлекеттік хатшы лауазымдарын атқарды.

2019 жылдың 24 наурызынан 28 маусымына дейін Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы қызметін атқарды. 

Тақырып бойынша

Бозымбаев жаңа министрлікке басшы болған орынбасары туралы ойын айтты
Тоқаев Алматы, Шымкент қалалары мен облыс әкімдерін тағайындады
Бақыт Сұлтанов жаңа министрлікті басқарады
Назарбаев Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісін тағайындады
Төрт премьермен жұмыс істеген министр: Мұхамедиұлы несімен есте қалды?
Кілт сөздер:
Сағынтаев
Загрузка...

Басты тақырып