09:37 19 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Ақорда

Тоқаев Путинге көңіл айтты

© Sputnik / Абзал Калиев.
Саясат
Қысқа сілтеме алу
160 0 0

Иркутск облысындағы өзендерде су деңгейі көтеріліп, 5 адам көз жұмып, 700-ден астамы зардап шекті

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Иркутск облысындағы су тасқыны салдарынан адамдардың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

"Иркутск облысындағы су тасқыны салдарынан елді мекендердің қирағаны және адамдардың қайғылы қазаға ұшырағаны жөніндегі хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын және олардың қайғысына ортақ екенімізді жеткізуіңізді сұраймын", – делінген жеделхатта.

Тоқаев барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Бирюса, Уда, Ут, Ия, Икейка және Кирей өзендерінде су деңгейі көтеріліп, Иркутск облысының алты ауданындағы 83 елді мекенді су басты, деп хабарлады РИА Новости. Су тасқыны салдарынан 5 адам көз жұмып, 700-ден астамы зардап шекті, 153 адам ауруханаға жатқызылған.

1 шілдедегі мәлімет бойынша 55 елді мекендегі үш мыңнан астам үйді су басып жатыр.

 

Тақырып бойынша

Назарбаев пен Тоқаев Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады
Елбасы Сириядағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты
Тоқаев Ресей Қазақстан үшін неге маңызды екенін айтты
Путин Қазақстанның жаңа президенті туралы: барлық жоспарымыз орындалады деп сенеміз
Тәжікстан президенті Тоқаевқа көңіл айтты
Кілт сөздер:
Владимир Путин, Қасым-Жомарт Тоқаев, су тасқыны
Загрузка...

Басты тақырып