13:38 15 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Дариға Назарбаева, архивтегі сурет

"Оңтүстіктен келген әдемі келіншек": Дариға Назарбаева жаңа сенаторды таныстырды

© Photo : оргкомитет "Астана Клуб"
Саясат
Қысқа сілтеме алу
1167501

Жаңадан сайланған депутат әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінде жұмыс істейтін болды

НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Парламент сенатына жаңадан сайланған депутат Айгүл Қапбарова ант берді. Сенат төрағасы Дариға Назарбаева депутатты оңтүстіктен арнайы алдыртқанын жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Құрметті әріптестер, Шымкент қаласынан Айгүл Жарылқасынқызы Қапбарова сенат депутаты болып сайланып, қатарымызға қосылды. Мінекей, әдемі қазақтың келіншегі, оңтүстіктен келген. Менің ұсынысымды қабылдады. Әйел адам жіберіңіздер дегенмін. Әкімшілікке, мәслихатқа көп рахмет айтамыз. Айгүл Жарылқасынқызын құттықтаймыз. Депутаттық қызметіне табыс тілейміз", - деді Назарбаева.

Тағы оқыңыз: Назарбаева Қазақстандағы нөмірі бірінші проблеманы атады

Осыдан кейін Айгүл Қапбарова мінберге шығып, ант берді. Ал сенаттың жалпы отырысы оның әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінде жұмыс істеу жөніндегі өтінішін қарап, бірауыздан қабылдады.

"Жаңа әріптесіміз бүгін берген антқа адал болады деп сенім білдіреміз. Сенатор Айгүл Жарылқасынқызы Қапбарова әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеттің құрамында қызмет етуге өтініш білдірді. Шешім қабылданды. Кометет жұмысына өз үлесіңізді қосасыз деп сенімдіміз", - деп атап көрсетті Назарбаева.

Тақырып бойынша

Назарбаева: мүгедек балаларды аяусыз ұрып-соққандар қатаң жазалануы тиіс
Дариға Назарбаева білім министріне: сізге көмектесеміз
 Дариға Назарбаева министрге кәсіпкерлердің шағымын жеткізді
Жастардың батылдығына қайран қаламын - Әлия Назарбаева
"Жазаны қатаңдату керек": Тоқаев пен Назарбаева не туралы сөйлесті?
Дариға Назарбаева Елбасыға "Құрметті сенатор" төсбелгісін табыстады
Кілт сөздер:
депутат, сенатор, Дариға Назарбаева
Загрузка...

Басты тақырып