09:34 19 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
ҰҚШҰ оқу-жаттығуы

ҰҚШҰ НАТО-ны ынтымақтастық орнатуға шақырды

© Sputnik / Анатолий Устиненко
Саясат
Қысқа сілтеме алу
34 0 0

ҰҚШҰ Солтүстік антлантика одағынан ынтымақтастық туралы ұсынысқа жауап алудан үмітті

НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде — Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Солтүстік атлантика келісімі ұйымынан (НАТО) қос секретариат арасында тұрақты консультация алмасу жөніндегі ұсынысқа жауап күтуде. Бұл туралы ҰҚШҰ бас хатшысының міндетін атқарушы Валерий Семериков айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Осыған дейін ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлігінің өкілдері НАТО-ға кіретін сыртқы саяси ведомство басшыларына қос секретариат арасында тұрақты консультация алмасу жөнінде ұсыныс жасаған.

Валерий Семериков НАТО өкілдеріне аталған ұсыныс жеткізіліп жатқанын атап өтті.

"Ұйымға Қырғыстан Республикасы төрағалық етеді. Оларға үндеуді Солтүстік атлантика келісімі ұйымының басшылығына жеткізу жөнінде тапсырма берілді. Қазіргі таңда ұсынысты жеткізу процедурасы жүріп жатыр. Олардан қандай да бір жауап күтіп отырмыз", - деді ҰҚШҰ бас төрағасының міндетін атқарушы Мәскеуде өткен баспасөз конференциясында.

Сөз соңында Валерий Семериков қос ұйым арасындағы байланысты нығайту жұмыстары 2004 жылдан бері жүргізіліп келе жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ аталған баспасөз мәслихаты видео байланыс арқылы Sputnik халықаралық ақпарат агенттігінің Нұр-Сұлтан, Бішкек, Минск, Еревандағы пресс-орталықтарынан көрсетілді.

Кілт сөздер:
ынтымақтастық, ҰҚШҰ
Загрузка...

Басты тақырып