10:13 19 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Нұрлан Нығматулин

Мәжіліс төрағасы үкіметтің жұмысын сынға алды

© Photo : Пресс служба мажилиса парламента Казахстана
Саясат
Қысқа сілтеме алу
557 0 0

Нұрлан Нығматулин үкіметтен келетін заң жобаларының сапасы төмен екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Парламент мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулин үкіметтің жұмысын сынға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, үкімет пен парламент заң шығару жағынан тиімді жұмыс атқарса да, кемшіліктер аз емес. Осы орайда мәжілісі спикері үкіметтің заң жобалау қызметіне баса назар аударды.

"Себебі үкіметтің заң жобалау жұмысы әлі де жоғары деңгейде емес деп айтуға болады. Мысалы, 2018 жылдың бекітілген жоспарына үкімет өзі 11 рет өзгерістер мен түзетулер енгізді. Ал 2019 жылға арналған осындай жоспар жарты жылдың ішінде 6 рет қайта өзгерген. Сонымен бірге үкіметтен келетін заң жобаларының сапасы әлі де жоғары талапқа сәйкес келмейді. Бұған заң жобалары парламентке келіп түскеннен кейін мемлекеттік органдардың бастамасымен жасалған көптеген түзетулер дәлел бола алады", - деді Нығматулин.

Осы орайда спикер бір заң жобасын мысал ретінде келтірді. Агроөнеркәсіп кешенін реттеу мәселелеріне арналған заң жобасына барлығы 537 түзету жасалған. Соның ішінде 210 түзетуді мемлекеттік органдардың өздері мәжілісте енгізді.

"Бұл жауапты мекемелердің ғылыми талдау, заңнамалық актілердің жобасын дайындау сияқты қажетті тәртіпті өткізбей, заң жобаларын тікелей депутаттар арқылы жылдам қабылдауды көздейтінін көрсетеді. Олардың барлығы заң жобасының сапасына деген мемлекеттік органдардың жауапкершілігін төмендетеді", - деп атап көрсетті Нығматулин.

Мәжіліс төрағасының сөзіне қарағанда, үкіметтен келетін заң жобаларының сапасы төмен. Сондықтан депутаттар көптеген түзету енгізуге мәжбүр.

"Мысалы, бизнес ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері жөніндегі заң жобасына - 472, ал тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі заң жобасына 500-ден астам түзету енгізілді. Өкінішке қарай, бұл түзетулер техникалық емес, тікелей мағыналық жағынан алып отыр. Тағы бір ескеретін жағдай, депутаттар енгізген өзгерістерге үкіметтің өз уақытында қорытынды бермейтіні. Мысалы, осы сессияда үкіметтен келуі тиіс құжаттардың 64 проценті бойынша регламентпен белгіленген мерзім бұзылды", - дейді Нығматулин.

Тағы оқыңыз: Нығматулин қарсы дауыс берген депутат жайлы пікір білдірді

Оның айтуынша, мәжілістің тек әлеуметтік-даму комитеті бойынша үкіметтің 66 қорытындысының 45-сі мерзімнен кеш келді.

"Ал "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіп кешенін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына депутаттардың түзетулері 2018 жылғы 29 маусымда жіберілді. Оған қатысты пікір үкіметтен 2019 жылғы 28 мамырда, яғни тура 11 айдан кейін келген. Еске салсақ, регламент бойынша үкіметтен осындай құжаттар бір айдың ішінде келуі керек", - деп атап көрсетті спикер.

Кілт сөздер:
жұмыс, үкімет, Нұрлан Нығматулин
Загрузка...

Басты тақырып