Саясат

Путин Назарбаевты туған күнімен құттықтады   

© Photo : Сайт АкордыНұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшылары Қазақстанның тұңғыш президентін туған күнімен және Елорда күнімен құттықтап жатыр  

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде — Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына мемлекет басшыларынан құттықтау хаттар түсіп жатыр, деп хабарлады Елбасының ресми сайты.

Нұрсұлтан Назарбаевты Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин құттықтады.

"Сіздің мол тәжірибеңіз, саяси даналығыңыз және терең біліміңіз еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үдерістер бойынша стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынастарды дамыту ісінде әрдайым қажет болатынына сенімдімін", - делінген Путиннің құттықтау жеделхатында.

Бұдан бұрын Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев те Нұрсұлтан Назарбаевты құттықтап, оның екі елдің қарым-қатынасын нығайтуға қосқан үлесін атап өткені хабарланған болатын.

Сондай-ақ, Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев, Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Сербия президенті Александр Вучич құттықтау жеделхатын жолдады.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылдың 6 шілдесінде дүниеге келген.

Сондай-ақ, Қазақстанда 2008 жылдан бастап 6 шілдеде мемлекеттік мереке – Астана күні аталып өтеді.   

Жаңалықтар
0