18:54 22 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
Кәрім Мәсімов

Мәсімов Назарбаевтың отставкаға кететінін естігенде, қандай кеңес бергенін айтты

© Sputnik / Болат Шайхинов
Саясат
Қысқа сілтеме алу
1393111

ҰҚК басшысы Назарбаевтың отставкаға кететінін бір-екі күн бұрын ерте білген

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов Елбасының отставкаға кету туралы шешімін о баста қолдамағанын айтты.

Мәсімовтің айтуынша, отставка туралы ол бір-екі күн бұрын, 19 наурыздың (дәл осы күні Назарбаев өз шешімін халыққа жария етті) алдында білген.

"Мұндай қадамға барудың қажеті жоқ деп санадым, әлі уақыты келмеді деп ойладым. Нұрсұлтан Әбішұлына кеңесім мынадай болды: "Асығыс шешім қабылдаудың керегі жоқ шығар, бәлкім, өкілеттік тек 2020 жылдың соңында аяқталады". Алайда Нұрсұлтан Әбішұлы маған бір күн кеш кеткеннен гөрі бір күн ерте кеткен жақсы деді. "Менің дұрыс шешім қабылдағанымды сен де түсінесің, көмекші мырза. Барлығы өз уақытында жасалуы керек" деді", - деп еске алды Мәсімов Елбасыға арналған "Искусство быть лидером" деректі фильмінде.

Тағы оқыңыз: Назарбаев отставкасы туралы: мен өзім де таңғалдым

Айта кетсек, деректі фильм сенбі күні  "Хабар" телеарнасынан көрсетілді.

Фильмде Нұрсұлтан Назарбаевтың президент болған жылдары түсірілген архивтік видеолар пайдаланылған. Қазақстандық және шетелдік саясаткерлер, қоғам қайраткерлері тұңғыш президентпен жұмыс істеген кездерін еске алады.

6 шілде күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 79 жасқа толды.

Кілт сөздер:
Кәрім Мәсімов, отставка, Назарбаев
Загрузка...

Басты тақырып