Саясат

Тамара Дүйсенова қызметінен кетті

© SputnikТамара Дуйсенова
Тамара Дуйсенова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тамара Дүйсенова былтыр ақпан айынан бері Nur Otan партиясының хатшысы қызметін атқарған

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде - Sputnik. Тамара Дүйсенова Nur Otan партиясының хатшысы қызметінен кетті. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек хабарлады.

"Тамара Дүйсенова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Nur Otan партиясы хатшысы қызметінен кетті. Бір жарым жыл ішінде ол партияның сайлауалды тұғырнамасы мен азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік бастамалардың жүзеге асуына айтқарлықтай үлес қосты", - деді Бауыржан Байбек.

​Партия төрағасының бірінші орынбасары Дүйсенованың атқарған жұмысы үшін партия басшылығы атынан алғыс білдіріп, жаңа қызметте де табысқа жетуін тіледі.

Тамара Дүйсенова 2018 жылдың ақпанынан бері партия хатшысы болып істеді. Оған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған еді.

Жаңалықтар
0