04:35 24 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.06
  • EUR429.19
  • RUB6.08
Қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны, архивтегі фото

Тоқаев қоқыс полигондарын тәртіпке келтіруді талап етті

© Sputnik / Андрей Стенин
Саясат
Қысқа сілтеме алу
59 0 0

Президент халықтың экологиялық мәдениеттілігін арттыруға және қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына еріктілерді тартуға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады.

Қазақстан президентіне министрліктің қазіргі жұмыстары, сондай-ақ, жаңа Экологиялық кодекстің әзірлену барысы туралы мәлімет берілді. Министр геология саласын дамыту, су ресурстарын үнемдеу, ормандарды және жануарлар әлемін қорғау үшін қабылданған шаралар жөнінде есеп берді.

"Мемлекет басшысы қатты тұрмыстық қалдықтарға қатысты мәселелерді шешу, соның ішінде сынақ алаңдарын экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкестендіру, сондай-ақ, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару және қайта өңдеу саласының инвестициялық тартымдылығын күшейту қажеттігін айтты", - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев су және өсімдік әлемін қорғау, браконьерлікпен және орманды заңсыз отаумен күрес жүргізу мәселелері айрықша бақылауда болуы тиіс екеніне тоқталды.

Сонымен қатар, Қазақстан президенті халықтың экологиялық мәдениеттілігін арттыруға және қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына еріктілерді тартуға шақырды.

Тақырып бойынша

Тоқаев атаулы әлеуметтік көмектің берілу тәртібін реттеуді тапсырды
"Халық кедейліктен көшеге шықты": Тоқаев Қазақстандағы митингілер туралы айтты
Он екі жылдан бері қоқыс тасимын, мұндайды алғаш көруім – көлік жүргізуші
Алматы аспанын сұр бұлт қаптады: тұрғындар күйік иісіне шағымданып жатыр
Тұрмыс жағдайын жақсарту керек: Тоқаев мәдениет министріне тапсырма берді
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, қоқыс
Загрузка...

Басты тақырып