04:21 24 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.06
  • EUR429.19
  • RUB6.08
Жүк көлігі, архивтегі фото

Мамин Бішкекке барды: қос елдің премьері қандай келісім жасады

© Sputnik /
Саясат
Қысқа сілтеме алу
129 0 0

Қырғызстандық ауыр жүк көліктерін Қазақстан арқылы өткізу тәртібі жеңілдейді

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде — Sputnik. Қазақстанның үкімет басшысы Асқар Мамин мен Қырғызстанның премьер-министрі Мұхаммедқали Әбілғазиев қырғызстандық ауыр жүк көліктері үшін рұқсатнамалық тәртіпті ырықтандыруға келісті. Бұл туралы Қырғызстан премьер-министрінің баспасөз хатшысы Әділет Сұлтанәлиев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Әбілғазиев пен Мамин Қазақстан арқылы үшінші елге баратын біздің елдің ауыр жүк көлігі жүргізушілері үшін рұқсатнамалық тәртіпті ырықтандыруға келісті. Ал осыған дейін қос ел арасындағы ветеринарлық ынтымақтастық жөніндегі барлық мәселе шешімін тапқан еді", - дейді баспасөз хатшысы.

Осыған дейін Қазақстан пен Қырғызстан арасындағы шекерада бірнеше шақырымға созылған ауыр жүк көліктерінің кептелісі пайда болғаны хабарланған болатын. Қырғызстанда ауа температурасы 28 градустан асқан кезде сағат 9:00-ден кешкі 20:00-ге жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынған.

Айта кетейік, Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин көрші елге ресми сапармен 12 шілде күні барған. Сапар аясында үкіметаралық кеңестің отырысы өтіп жатыр.

Мамин қырғызстандық үкімет басшысымен қос ел арасындағы ынтымақтастық мәселесін талқыға салады.

Сонымен қатар ол Қазақстан Қырғызстанмен барлық өзекті мәселені шешуге дайын екенін, қос мемлекет арасындағы тауар айналымы 2 миллиард долларға жеткізуге ниетті екенін айтқан.

"Бізде ЕАЭО форматы бар. Мұнда біз көпжақты форматта жұмыс істейміз. Сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты дамыту жөнінде сұрақтарға қатысты арада түсіністік бар екенін атап өткен жөн. Өткен жылы қос ел арасында тауар айналымы өсті. Бірақ арадағы сауда-саттықты көтеру әлеуеті одан да жоғары", - дейді қазақстандық премьер-министр.

Мұхаммедқали Әбілғазиев бауырлас Қазақстанмен стратегиялық қарым-қатынасты нығайту – Қырғыз елінің сыртқы саясатындағы басымдықтардың бірі екенін атап өтті.

"Қырғыз-қазақ қарым-қатынасы тиісті деңгейде дамып келеді. Саяси-экономикалық диалог белсенді түрде қолдау тауып жатыр. Бұл елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайта түседі", - дейді Қырғызстанның үкімет басшысы.

Тақырып бойынша

Қазақстан Қырғызстан мен Өзбекстаннан кей өнімдерді әкелуге тыйым салды
Қазақстан және Қырғызстан премьер-министрлері телефон арқылы сөйлесті
Қырғызстан Қазақстан бөлген 100 млн доллардан бас тартатынын ресми түрде хабарлады
Қырғызстан Қазақстан елшісіне наразылық нотасын берді
Үш минут: Қазақстан-Қырғызстан шекарасында тексеріс қалай жүреді?
Кілт сөздер:
Асқар Мамин, жүк көліктері, Қырғызстан
Загрузка...

Басты тақырып