17:35 25 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Ақорда, архивтегі сурет

Тоқаев Қазақстанның бір елшісін ауыстырды

© Sputnik / Владислав Воднев
Саясат
Қысқа сілтеме алу
314 0 0

Барлыбай Садықов Африка еліндегі дипломатиялық миссияның басшысы болды

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Эфиопиядағы елшісін ауыстырды. Мемлекет басшысының жарлығы Ақорда сайтында жарияланған.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Барлыбай Кәрімұлы Садықов Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Президент тағы бір жарлығымен Ерлік Әлиді Қазақстанның Эфиопиядағы елшісі қызметінен босатты.

Әр жылдары Барлыбай Садықов Қазақстанның Пәкістандағы және Бангладештегі елшісі болған, сонымен бірге Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің орынбасары қызметін атқарған.

Тағы оқыңыз: Тоқаев екі министрлікте кадрлық ауыс-түйіс жасады

Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасы солтүстігінде Эритреямен, солтүстік-шығысында Джибутимен, шығысында Сомали және мемлекет ретінде танылмаған Сомалилендпен, оңтүстігінде Кениямен, солтүстік-батысында Суданмен және оңтүстік-батысында Оңтүстік Суданмен шектесіп жатыр. Жалпы аумағы 1,1 миллион шаршы метрді құрайды. Астанасы – Аддис-Абеба. Халқының саны – 108 миллион адам.

Тақырып бойынша

Нұр-Сұлтан әкімі тағы бір орынбасарын тағайындады
Тамара Дүйсенова жаңа қызметке тағайындалды
Тоқаев президенттің парламенттегі өкілдігінің басшысын тағайындады  
Тоқаев Аружан Сайыннан балалар омбудсмені қызметінде не күтетінін айтты
Мемлекет басшысы басы дауға қалған вице-министрді қызметінен алып тастады
Кілт сөздер:
елші, Қазақстан, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып