00:20 20 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.80
  • EUR429.27
  • RUB5.78
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев: мен өзімді өзгертпеймін, осы қалпымда қабылдаңыздар

© Sputnik / Владислав Воднев
Саясат
Қысқа сілтеме алу
315710

Қасым-Жомарт Тоқаев туралы "Президент 2.0" деректі фильмі жарық көрді

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің мінезін сынайтындарға жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мен өз қалпымнан айнымаймын. Маған ширақтық, еркін адамның образы жетіспейді деп айтады. "Үнемі пиджак киіп жүресіз", "Мемлекеттік қызметші екеніңізді айнытпай тануға болады" деп жатады. Бірақ мен өзімді өзгертпеймін. Жауабым осы. Мені осы қалпымда қабылдаңыздар", - деді Тоқаев "Президент 2.0" деректі фильмінде.

Президент Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын аяқтағаннан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істеп жүргенін де еске салды.

"Бүгінде Мәскеудің мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында қандай тәртіп екенін білмеймін. Бірақ біздің кезімізде студенттерге костюм мен галстук киюге талап қоятын. Әрине, қазір де пиджак киемін. Ал мемлекеттік қызметте жүргеннен кейін міндетті түрде пиджак кию керек. Біз таңғы 9-дан кешкі 9-ға дейін костюммен жүреміз. Иә, олай жүрген онша пайдалы емес дейді. Алайда біз сияқтыларды пиджақта туды дейді", - деп атап көрсетті Тоқаев.

Тақырып бойынша

Тоқаев ресейлік тілшінің күтпеген сұрағына жауап берді
"Бұл уақытша ғана нәрсе екен...": Қасым-Жомарт Тоқаев ашық сұқбат берді
Тоқаев ашаршылық туралы: орыс халқының еш қатысы жоқ
Тоқаев діни ұстанымы туралы сұраққа жауап берді
Тоқаев: Қытайда жүргенде жемқорларды қалай ататынын көрдім
"Өзіңізді керемет ұстадыңыз": Тоқаев өзіне жағынатын адамдар туралы айтты
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып