06:38 17 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD385.16
  • EUR425.95
  • RUB6.01
Ғабидолла Әбдірахымов

"Сенімнен айырылды": Көшербаев Әбдірахымовтың қызметінен не үшін алынғанын айтты

© Sputnik / Болат Шайхинов
Саясат
Қысқа сілтеме алу
814221

Мегаполистің бұрынғы басшысының әрекеті президенттің ашуын келтірді  

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Ғабидолла Әбдірахымовтың жүріс-тұрысы билікке деген сенімді кетіреді, деп мәлімдеді президент әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев.

"Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, қазіргі кездегі басты міндет – сенім, халық пен билік арасындағы үнқатысу. Ғабидолла Әбдірахымов еліміздегі ең жоғары және жауапты қызметтерге тағайындалып, ел басшылығының қолдауы мен сеніміне ие болғанын білесіздер. Өкінішке қарай ол мұны жете түсінбеді", - деп мәлімдеді Көшербаев.

Тағы оқыңыз: Шымкент қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Президент әкімшілігінің басшысы экс-әкімнің жүріс-тұрысы БАҚ-та және әлеуметтік желілерде егжей-тегжейлі баяндалғанын атап өтті.

"Бұл жағдай адамдардың көпшілігі мемлекет көмегіне зәру кезде, Арыс қаласы қалпына келтіріліп, Түркістан қайта өрлеп, ел жаңа уақыттың жаңа сын-қатерлеріне жауап іздеп жатқанда болып отыр. Ол мемлекет басшысының нұсқауына қайшы келеді, жалпы алғанда биліктің беделін түсіреді. Бүгінде Әбдірахымовқа көрсетілген саяси сенім түгесілді", - деп қорытындылады Қырымбек Көшербаев.

Ол халық биліктің барлық тармағының адал атқарған жұмысына лайық екенін атап өтті. Осыған байланысты өңір басшылары халықтың нағыз қызметшісі болып, өзін-өзі үйлесімді түрде ұстауы керек.

Айта кетейік, 30 шілдеде Түркістан облысы Отырар ауданының бұрынғы әкімі Ерлан Айтаханов Әбдірахымовтың орнына Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды.  

Тақырып бойынша

Тұяқбаев Сағынтаевтың орынбасары болды
Қырымбек Көшербаев президент әкімшілігінің басшысы болды
Тоқаев Арыстанбек Мұхамедиұлын қызметінен босатты
Тоқаев Шәмшидинованы қызметінен босатты
Тоқаев Қазақстан әскерінде кадрлық ауыс-түйіс жасады
Тоқаев Аружан Саинды жаңа қызметке тағайындады
Кілт сөздер:
Шымкент, Ғабидолла Әбдірахымов
Загрузка...

Басты тақырып