07:20 21 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD387.37
  • EUR428.55
  • RUB6.06
Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент әкімі Ерлан Айтахановты қабылдады

Тоқаев Шымкенттің жаңа әкімін қабылдады

© Photo : Ақорда ресми сайты
Саясат
Қысқа сілтеме алу
173 0 0

Мемлекет басшысы Ерлан Айтахановқа бірқатар тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда сайты.

Тоқаев жаңа әкімнің Түркістан облысынан қалаға қосылған елді мекендерге жол салу, газ тарту, электр жарығымен және ауыз сумен қамту бойынша жоспарымен танысты.

Мемлекет басшысы Ерлан Айтахановқа қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Тағы оқыңыз: Шымкенттің жаңа әкімі Тоқаевтан қандай тапсырма алғанын айтты

Айта кетсек, 30 шілдеде Түркістан облысы Отырар ауданының бұрынғы әкімі Ерлан Айтаханов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды.

Ал оған дейін бұрынғы қала басшысы Ғабидолла Әбдірахымов жұмысынан босатылған болатын. Президент әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев экс-әкімнің "жүріс-тұрысы билікке деген сенімді кетіреді" деп бағалады.

Тағы оқыңыз: Ғабидолла Әбдірахымов шымкенттіктерге үндеу жасады

Тақырып бойынша

"Паранжа киіп жүрейін бе?" Шымкент әкімі киіміне қатысты сұраққа жауап берді
Лондонда жүрген Шымкент әкімі: Қазақстанды жақсы көремін
"Сенімнен айырылды": Көшербаев Әбдірахымовтың қызметінен не үшін алынғанын айтты
Шымкенттегі Тоқаев көшесі жайлы не білеміз – фото
Кілт сөздер:
жаңа әкім, Шымкент, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып