19:52 24 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Касым-Жомарт Токаев сделал заявление перед журналистами после оглашения предварительных итогов выборов президента Казахстана. Пресс-конференцият в Акорде

Тоқаев алғаш рет Қазақстан халқына жолдау жасайды

© Sputnik / Владислав Воднев
Саясат
Қысқа сілтеме алу
3809 0 0

Президенттің алғашқы жолдауында адам зорлау, есірткі саудасы және басқа да ауыр қылмыстар үшін жазаны қатаңдату туралы айтылады

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйек күні Қазақстан халқына Жолдау жасайды. Бұл туралы президент твиттердегі аккаунтында жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тоқаев Қазақстан халқына жолдауды 2 қыркүйекте жасайды.

"2 қыркүйекке жоспарланған Халыққа Жолдауымда есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде парламентке және үкіметке тапсырмалар жүктеледі", - деп жазды мемлекет басшысы.

Айта кетсек, бұл осы жылы 9 маусымда Қазақстан президенті болып сайланған Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы жолдауы.

Бұған дейін елді шамамен 30 жылдай басқарған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа 23 рет жолдау арнаған еді.

Загрузка...

Басты тақырып