02:54 14 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев туралы не білеміз: президентпен ашық сұхбат – видео

© Sputnik / Абзал Калиев.
Саясат
Қысқа сілтеме алу
98000

Желіде Қасым-Жомарт Тоқаевтың отбасы, саясат және заманауи музыка туралы сұхбаты жарияланды  

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. YouTube-те Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей журналисі Алексей Пивоваровқа берген сұхбатының толық видеосы жарияланды.

Шілденің соңында "31 арна" Қазақстанның жаңа басшысы туралы "Президент 2.0" деректі фильмін көрсетті. Тоқаев 1988 жылы Қытайда жемқорларға өлім жазасын орындаған сәтке куә болғанын мойындады. Сондай-ақ мемлекет басшысы өзінің мінезін сынайтындарға жауап берді.

"Мен өзімді өзгертпеймін. Осы қалпымда қабылдаңыздар", - деді Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев 30-жылдары өз отбасының басынан өткен қайғылы оқиғаны баяндады. Президенттің айтуынша, атасы нан табуға кетіп, үйіне оралмаған. Әкесі ағасы Қасыммен бірге балалар үйіне, содан кейін майданға аттанған. Тоқаев 30-жылдары Қазақстанда болған ашаршылыққа орыс халқының қатысы жоқ екенін ерекше атап өтті.

Тағы оқыңыз: Тоқаев ресейлік тілшінің күтпеген сұрағына жауап берді 

Президент алғашқыда ел басқару үйреншікті жағдай болмағанын айтты.

"Әсіресе, көпшілік жиналған іс-шараларда үйреншікті болған жоқ. "Президент, президент" дегенді естігенде, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев келіп қалған шығар деп ойлайтынмын. Бірақ бұл уақытша ғана нәрсе екен, жақсы нәрсеге тез үйренесің", - деді Тоқаев.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың наурызында мемлекет басшысы қызметінен кетті. 9 шілдеде өткен кезектен тыс сайлаудың қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев президент болып сайланды (ол 70,96% сайлаушының қолдауына ие болды).

Тақырып бойынша

"Бұл уақытша ғана нәрсе екен...": Қасым-Жомарт Тоқаев ашық сұқбат берді
Тоқаевтың жарлығы: кредит қалай және қашан өтеледі
Тоқаев: мен өзімді өзгертпеймін, осы қалпымда қабылдаңыздар
Тоқаев ашаршылық туралы: орыс халқының еш қатысы жоқ
Кілт сөздер:
видео, сұхбат, отбасы, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып