19:30 24 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Қазақстанның парламент үйі

Танымал тележүргізуші сенат депутаты болып тағайындалды

© Sputnik / Болат Шайхинов
Саясат
Қысқа сілтеме алу
994 0 0

Мемлекет басшысы парламент сенатында бірқатар ауыс-түйіс жасады

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев танымал тележүргізуші Дана Нұржігітті сенатор қызметіне тағайындады.

Ақорданың сайтында жарияланған жарлыққа сәйкес, Дана Өмірбайқызы Нұржігітова, Андрей Иванович Лукин, Ләззат Жаңылысқызы Сүлеймен және Қанатбек Бейсенбекұлы Сафинов Парламент Сенатының депутаты қызметіне тағайындалды. Ал Дариға Назарбаева мен Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед осы қызметке қайта тағайындалды.

Тағы оқыңыз: "Оңтүстіктен келген әдемі келіншек" Назарбаева жаңа сенаторды таныстырды

Айта кетейік, бұған дейін президент бір жарлығымен парламент сенатының депутаттары Бірғаным Әйтімова мен Асқар Бейсенбаевтың өкілеттіктерін тоқтатса, енді бір жарлығымен Нұртөре Жүсіп пен Асқар Шәкіровты сенатор қызметіне тағайындаған болатын.

Дана Нұржігіт туралы не білеміз?

Дана Нұржігітова 1972 жылы 18 шілдеде Қызылорда облысында дүниеге келді. Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясын "оқытушы, концертмейстер, камералық ансамбльдің солисі" мамандығы бойынша тәмамдаған.

1994-1996 жылдары Абай атындағы ұлттық университетте, одан Күләш Бәйсейітова атындағы республикалық колледжде концертмейстер болып жұмыс істеді. Ал 1997 жылы теледидарға келді. Содан бастап жаңалықтар қызметінің жүргізушісі, "Сәлем, Қазақстан!" бағдарламасының жүргізушісі, продюсері, редакторы, көркемдік жетекші қызметтерін атқарды. "Хабар" арнасында біраз жыл еңбек етті. CaspioNet жобасының продюсері, "Білім" арнасының редакторы болды.

Бүгінде Дана Нұржігіт QAZAQSTAN арнасындағы "Дара жол" бағдарламасымен кеңінен танымал.

Кілт сөздер:
тележүргізуші
Загрузка...

Басты тақырып