Саясат

Мәжіліс сайлауы: Назарбаев дайындықты бастауды тапсырды

© Sputnik / Владислав ВодневОбновленный герб на здании мажилиса
Обновленный герб на здании мажилиса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Назарбаевтың баспасөз хатшысы мәжіліс депутаттарын сайлау қашан өтетінін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз — Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan-дағы отырыста партияны парламент мәжілісі сайлауына дайындауды бастау қажеттігін айтты.

"Отырыста Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияда бекітілген мерзімде өтетін мәжіліс сайлауына партияны дайындауды бастауға шақырды", - деп хабарлайды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

Айта кетсек, мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл. Кезекті сайлау депутаттардың өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кем дегенде екі ай бұрын өткізілуі тиіс. Демек, кезекті парламент сайлауы 2021 жылы өтеді.

2016 жылғы парламент сайлауы

Қазақстанда соңғы парламент сайлауы 2016 жылдың 20 наурызында кезектен тыс өтті. Бұл тәуелсіз Қазақстан тарихындағы жетінші әрі кезектен тыс өткізілген бесінші сайлау болды.

Кезектен тыс сайлау мәжіліс өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылғаннан кейін екі ай ішінде өткізіледі.

Тағы оқыңыз: Танымал қазақ актері мәжіліс депутаты болды

2016 жылғы парламент сайлауына алты саяси партия қатысты, олардың үшеуі ақтық қорытынды бойынша жеті проценттік межеден асып, парламенттің төменгі палатасына өтті: Nur Otan (82,15%), "Ақ жол" демократиялық партиясы (7,18%) және Қазақстан коммунистік халық партиясы (7,14%).

Жаңалықтар
0