07:19 17 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD385.16
  • EUR425.95
  • RUB6.01
Ақорда

Ахметов президент әкімшілігінде лауазымды қызметке ие болды

© Sputnik / Абзал Калиев.
Саясат
Қысқа сілтеме алу
1450501

Әлтайыр Ахметов президент өкімімен жаңа қызметке ие болды

НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз — Sputnik. Қазақстанның мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Әлтайыр Ахметов президент әкімшілігінің мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Әлтайыр Амангелдіұлы Ахметов Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметінен босатылды", - делінген Тоқаевтың өкімінде.

Ахметовтың орнына Ерлан Қуанышұлы Әбіл Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды.

Әлтайыр Ахметов туралы не білеміз?

Әлтайыр Ахметов 1979 жылы Маңғыстау облысы Ақтау қаласында дүниеге келген. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын "құқықтанушы" мамандығы бойынша бітірген. 2014 жылы Ұлыбританияның Бирмингем университетін тәмәмдап, мемлекеттік басқару магистрі атанды. Заң ғылымдарының кандидаты.

Альтаир Ахметов назначен ректором Академии государственного управления при президенте РК
Әлтайыр Ахметов

Еңбек жолын 2000 жылы сыртқы істер министрлігінің заң бөлімінің референті, атташе ретінде бастаған. Содан кейін президенті әкімшілігінің әртүрлі бөлімдерінде референт, бас сарапшы, бас консультант, сектор меңгерушісі лауазымдарында істеді.

2011 жылы білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқаруға кірісіп, 2015 жылы білім және ғылым министрлігінің ғылым комитеті төрағасының орынбасары болды.

2016 жылдың қарашасында президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының оқу жұмысы және ақпараттық технологиялар жөніндегі вице-ректоры қызметіне келіп, 2019 жылдың сәуір айында мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды.

Тақырып бойынша

Тоқаев Шымкент әкімі "болмай қалған" шенеунікті басқа қызметке тағайындады
Танымал тележүргізуші сенат депутаты болып тағайындалды
Тоқаев бірқатар ұйымның басшыларын тағайындаудан бас тартты
Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары тағайындалды  
Тоқаев жаңа еңбек министрін тағайындады
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып