10:52 02 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD408.61
  • EUR454.09
  • RUB5.86
Саясат
Қысқа сілтеме алу
1085101

Президент жарлығымен екі елдегі Қазақстан елшілері ауысты

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан және Түрікменстан елдеріндегі Қазақстанның жаңа елшілерін тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.

"Қайрат Айтмұхамбетұлы Нұрпейісов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды", - деп жазылған президент жарлығында.

Бұған дейін Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі, ал Жандос Асанов Түрікменстандағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.

Қайрат Нұрпейісов туралы не білеміз?

Қайрат Айтмұхамбетұлы Нұрпейісов 1957 жылы 21 қыркүйекте Павлодар облысы Шарбақты ауданы Галкино ауылында туған.

1986 жылы Алматыдағы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек өтілі

  • Әр жылдары Қазақстанның энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, мемлекеттік кірістер вице-министрі қызметін атқарды;
  • 2003 жылдың 7 наурызынан 2003 жылдың 14 маусымына дейін Павлодар қаласын басқарды;
  • Ал 2003 жылдың маусымы мен 2008 жылдың қыркүйегіне дейін Павлодар облысының әкімі болды;
  • 2008 жылдың қыркүйек-қазан айлары аралығында – қаржы министрінің орынбасары;
  • 2008 жылдың 13 қазанында президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды;
  • 2009 жылдың тамызы – 2011 жылдың шілдесі аралығында мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы болды;
  • 2012 жылдың ақпаны – 2013 жылдың қыркүйегі – парламент сенаты аппаратының басшысы;
  • 2013 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың шілдесіне дейін президенттің парламенттегі өкілдігінің басшысы қызметін атқарды.

Үйленген, екі қызы бар.

Еркебұлан Сәпиевтің өмірбаяны

Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев 1975 жылы Мәскеуде туған.

1998 жылы Анкара мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек өтілі

Еңбек жолын қаржы министрлігінде жетекші экономист болып бастады. 2000-2003 жылдары қаржы министрлігінде лауазымды қызметтер атқарды.

  • 2003-2004 жылдары – "Кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары;
  • 2004-2006 жылдары – президент әкімшілігі секторының меңгерушісі, бас сарапшы;
  • 2006-2011 жылдары – Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің кеңесші-уәкілі;
  • 2011-2014 жылдары – сыртқы істер министрлігі орталық аппаратында түрлі лауазымды қызметте істеді;
  • 2014-2018 жылдары – Қазақстанның Стамбул қаласындағы бас консулы.

Тақырып бойынша

Тоқаев Мәдина Әбілқасымованы басқа қызметке тағайындады
Тоқаев Шымкент әкімі "болмай қалған" шенеунікті басқа қызметке тағайындады
Тоқаев жаңа еңбек министрін тағайындады
Тоқаев тағы бір көмекшісін тағайындады
Тоқаев Байшолақовты президент әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындады
Кілт сөздер:
жаңа қызмет, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып