14:34 20 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының елшісі Чжан Сяоны қабылдады

"Бұл - маңызды оқиға": Тоқаев Қытай елшісімен не туралы сөйлесті?

© Официальный сайт Президента РК /
Саясат
Қысқа сілтеме алу
604 0 0

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасында барлық мәселе бойынша ашық әрі сындарлы диалог орнағанын

НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз - Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының елшісі Чжан Сяоны қабылдады, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Елші Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі ахуалы мен келешегі жөнінде өз ойын ортаға салды, сондай-ақ биыл қыркүйекте Қазақстан президентінің ҚХР-ға жасайтын алғашқы мемлекеттік сапарына дайындық барысы туралы баяндады.

"Президенттің пікірінше, алдағы сапар – қазақ-қытай қатынастарындағы маңызды оқиға. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тәуелсіздігін алған сәттен бастап екі ел арасында екі жақты ықпалдастық пен халықаралық күн тәртібіне қатысты барлық мәселе бойынша ашық әрі сындарлы диалог орнағанын айтты", - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Беларусь президенті Тоқаевтың қандай адам екенін ашық айтты

Мемлекет басшысы осы дәстүрді жалғастыру керектігін атап өтті.

"Қазақстан ҚХР-мен жаңа технология, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салалар бойынша ынтымақтастықты дамытуға мүдделі", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тақырып бойынша

"Негізсіз шығындарды қысқарту керек": Тоқаев бюджетке қатысты тапсырма берді
Тоқаев жастардың ұсынысына қолдау білдірді
Тоқаев 2 қыркүйекте қандай мәлімдеме жасайды – саясаттанушы пікірі
Тоқаев президенттің кадрлық резервін "блатсыз" құруды тапсырды
Тоқаевтың суреті казино жарнамасында жүр: баспасөз хатшысы түсініктеме берді
Кілт сөздер:
Қытай, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып