Саясат

Мәжіліс депутаты отставкаға кетуге өтініш берді

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Орталық сайлау комиссиясы депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынымды мәжіліске енгізді

НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз — Sputnik. Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Гүлнар Иксанова мерзімінен бұрын өкілеттігін тоқтатуға өтініш берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының құжатында айтылған.

"Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты Гүлнар Мұстахымқызы Иксанованың орнынан түсуі туралы өтініш беруіне байланысты өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін. Г.М. Иксанованың парламент мәжілісі депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынымы Қазақстан Республикасы парламентінің мәжілісіне енгізілсін", - делінген құжатта.

Гүлнар Иксанова туралы не білеміз?

Гүлнар Иксанова 1958 жылы 24 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысында туған.

1980 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономикалық факультетін бітіріп, саяси экономия кафедрасының ізденушісі болды. 1986 жылы аспирантураны бітіріп, сол кафедрада кандидаттық диссертациясын қорғады. Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар.

© Photo : arlam.kzГүлнар Иксанова
Мәжіліс депутаты отставкаға кетуге өтініш берді - Sputnik Қазақстан
Гүлнар Иксанова

Әр жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің, Қазақ ауыл шаруашылық институтының оқытушысы болды, "Қазақстан теледидар және радиосы" телерадиокешенінде, "ТАҢ" телекомпаниясында, "Хабар" агенттігінде қызмет етті. 

2012 жылдың қаңтар айынан бастап бесінші сайланымдағы Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы.

2014 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы болып сайланды.

Сондай-ақ ол - Nur Otan партиясы cаяси кеңесінің мүшесі, ҚР президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының мүшесі.

"Кұрмет", "Парасат" ордендерімен, медальдармен марапатталған, БАҚ саласындағы ҚР президенті сыйлығының лауреаты.

Жаңалықтар
0