14:36 20 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
Қазақстан мен Қырғызстанның тулары

Тоқаев Қырғызстан президентіне жеделхат жолдады

© Photo : пресс-служба правительства Кыргызстана
Саясат
Қысқа сілтеме алу
2897 0 0

Президент қазақ-қырғыз қатынасының одан әрі нығаятынына сенім білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековті Қырғызстан Республикасының тәуелсіздігі күнімен құттықтады, деп жазады Ақорда.

Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Қырғызстанның өз егемендігі жылдарында ауқымды жаңғыру жолынан өтіп, мемлекет құру ісінде зор жетістіктерге жеткенін атап өтті.

"Біздің елдеріміздің арасында орнаған ашық және тұрақты саяси диалог алдағы уақытта да қазақ-қырғыз қатынастарының стратегиялық серіктестік және өзара қолдау рухында жан-жақты нығая беруіне ықпал етеді деп сенемін", - делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Бішкек арасында қалыптасқан көпғасырлық достық, көршілестік және өзара сенімді Қазақстан тарапы жоғары бағалайтынына ерекше мән берді. 

Қырғызстанның тәуелсіздігі күні

Қырғызстан 1991 жылдың 31 тамызында тәуелсіздік алды. Бұл күні елдің Жоғарғы кеңесінің кезектен тыс сессиясы өтті. Отырыс қорытындысы бойынша "Қырғыз республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жөніндегі декларация " туралы қаулы қабылданды. Қырғызстан тәуелсіз, егемен және демократиялық мемлекет деп жарияланды.

Тағы оқыңыз: Екі күндік операция: Атамбаев қалай ұсталды?

Сол кезден бері елде бес президент ауысты. Қырғызстанның қазіргі президенті - Сооронбай Жээнбеков. Ол өз қызметіне 2017 жылдың 24 қарашасында кірісті.

Тақырып бойынша

Атамбаев ұлының аса қатыгездікпен соққыға жығылғаны рас па – министрлік жауабы
"Одан да атып тастаңдар" Атамбаев түрмеде де үнсіз отырмайтынын мәлімдеді
Путинмен кездескен Атамбаев мәлімдеме жасады
Атамбаев уақытша ұстау абақтысында: адвокаты қанша мерзімге қамалғанын айтты
Өз халқыңа оқ атпа: Атамбаев мәлімдеме жасады
Кілт сөздер:
Қырғызстан, Сооронбай Жээнбеков, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып