10:17 14 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.52
  • EUR429.21
  • RUB6.07
Совместное заседание палат парламента по случаю закрытия парламентской сессии

Тоқаев Назарбаеваны сенат спикері етіп қайта сайлауды ұсынды

© Sputnik / Владислав Воднев
Саясат
Қысқа сілтеме алу
1138 0 0

Жасырын дауыс беру кезінде 48 депутаттың барлығы Назарбаеваның кандидатурасын бірауыздан қолдады

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сенат төрағасы лауазымына Дариға Назарбаеваны қайта сайлауды ұсынды. Бұл туралы президент әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"ҚР Парламенті сенатының төрағасын сайлау туралы ҚР Конституциясының 58-бабының 1-тармағына сәйкес, Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваны парламент сенатының төрағасы қызметіне сайлауды ұсынамын", - деп оқыды Көшербаев Тоқаевтың атынан.

Депутаттар жасырын дауыс беруге көшті. 10 минуттық үзілістен кейін Назарбаева сенат төрағасы болып қайта сайланды.  

Тағы оқыңыз: Мемлекеттік қызметкерлердің саны 25 процентке қысқарады

"Жасырын дауыс беру бюллетеніне Дариға Назарбаеваның кандидатурасы енгізілген. Дауыс беру үшін 48 бюллетень берілді. Жәшікті ашқан кезде 48 бюллетень алынды. Жарамсыз бюллетень жоқ. Жақтағандар – 48, қарсы болғандар және қалыс қалғандар жоқ", - деді санақ комиссиясының төрағасы Әлімжан Құртаев. 

Айта кетсек, 12 тамызда Дариға Назарбаева сенат депутаты болып қайта тағайындалған еді.

Тақырып бойынша

Зейнетақы қорындағы ақшаны алуға рұқсат берілуі тиіс - Тоқаевтың тапсырмасы
"Мемлекеттілікті жоғалтып алуымыз мүмкін": Тоқаев басты қауіпті атады
Қазақстанда шағын бизнес салықтан босатылады – президент жолдауы
Мемлекеттік қызметкерлердің саны 25 процентке қысқарады – президент жолдауы  
Тоқаев қазақ тіліне қатысты мәлімдеме жасады
Кілт сөздер:
Дариға Назарбаева
Загрузка...

Басты тақырып