02:58 19 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
Дариға Назарбаева

Назарбаева: Отанымыздың гүлденуі үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын

© Sputnik / Абзал Калиев.
Саясат
Қысқа сілтеме алу
615 0 0

Дариға Назарбаева сенат төрағасы лауазымына қайта сайланды

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Дариға Назарбаева өзін сайлаған сенаторларға алғыс айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Маған сенім білдіріп, қолдау көрсеткендеріңіз үшін үлкен рақмет айтқым келеді. Бұл мен үшін зор мәртебе және үлкен жауапкершілік. Парламенттің жоғары палатасының басшысы ретінде мен сүйікті отанымыздың гүлденуі үшін бар күш-жігерімді, білім мен тәжірибемді жұмсаймын", - деді Назарбаева.

Ол Тоқаевтың жолдауында ел өмірінің барлық саласындағы ахуалға терең талдау жасалып, нақты практикалық міндеттер қойылғанын атап өтті.

Тағы оқыңыз: Тоқаев қазақ тіліне қатысты мәлімдеме жасады

"Енді біз оларды заңдар мен қаулылар тіліне көшіруіміз керек. Барлық әріптесімді тығыз жұмыс кестесіне тезірек кірісуге шақырамын. Бұл үшін күздің жаңа қызмет жоспары іс жүзінде құрылған. Құрметті депутаттар, жұмыс көлемі өсіп қана қоймай, олардың сапасына қойылатын талаптар да едәуір артатынын жеткізгім келеді. Ендеше іске сәт, баршамызға сәттілік тілеймін," – деді Назарбаева.

Тақырып бойынша

Зейнетақы қорындағы ақшаны алуға рұқсат берілуі тиіс - Тоқаевтың тапсырмасы
"Мемлекеттілікті жоғалтып алуымыз мүмкін": Тоқаев басты қауіпті атады
Тоқаев 5% қосымша зейнетақы жарнасын аударуды кейінге шегерді
Тоқаев Назарбаеваны сенат спикері етіп қайта сайлауды ұсынды
Мемлекеттік қызметкерлердің саны 25 процентке қысқарады – президент жолдауы  
Кілт сөздер:
отан, Дариға Назарбаева
Загрузка...

Басты тақырып