01:24 22 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
Ресей президенті В.Путин мен Ресей премьер-министрі Д.Медведев Мәскеу қаласының күніне арналған салтанатты шараларға қатысты

Назарбаев Путинге сыйлық жасады – фото

© Sputnik / Екатерина Штукина
Саясат
Қысқа сілтеме алу
2647 0 0

Владимир Путин Қазақстанның Тұңғыш президентінің екіжақты қатынастарды қалыптастыру және дамытудағы ерекше рөлін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей басшысы Владимир Путинге қамшы сыйға тартты.  

Естелік кәдесыйды Елбасы Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесіндегі "Қазақстан" павильонын аралау кезінде тапсырды, деп хабарлады Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

​Өткен жылдың қарашасында Қазақстан мен Ресей өңіраралық форумы аясындағы туристік көрмеде Владимир Путинге басқа қамшы тапсырылған болатын.   

Назарбаев пен Путин не туралы сөйлескені белгілі болды

 Кремлде кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екі елдің өзара іс-қимылының негізгі аспектілерін талқылады.

Тағы оқыңыз: Путин "Бәйтерекке" Назарбаевтың атын беруді ұсынды 

"Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы үлгі етуге тұрарлық. Мұндай байланыс көптеген елге өнеге. Мен өзара іс-қимылдың осындай деңгейге жетуі үшін бар күшімді салдым. Біз сонымен бірге, сәтті дамып келе жатқан және барлық мүше елге пайдасын тигізетін Еуразиялық экономикалық одақ құрдық", - деді Қазақстанның Тұңғыш президенті.

Елбасы Ресей президентін Мәскеу қаласының күнімен құттықтап, сәттілік және Ресей астанасының гүлдене беруін тіледі, деп жазылған Елбасының ресми сайтында.

"Мәскеу қаласының күні мерекесіне шақырғаныңыз үшін рахмет. Мәскеу баршамызға өте жақын. Ерте жастан бастап біз осында келдік, оқыдық және жұмыс істедік. Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесі қызмет еткен жылдардың бәрінде халықтарымыздың достығын нығайтуға өз үлесін қосқанын атап өткен жөн. Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу қарсаңында осы сұрапыл соғыстағы жеңіске адамдардың бірлігінің арқасында қол жеткенін атап өткім келеді", - деді Қазақстанның Тұңғыш президенті.

Ал Ресей көшбасшысы Қазақстанның Тұңғыш президентінің екіжақты қатынастарды қалыптастыру және дамытудағы ерекше рөлін атап өтті.

"Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, бізге мереке күні келгеніңіз үшін рахмет. Сіз Ресей-Қазақстан қатынастарын орнатушысыз. Бұл байланыстар гуманитарлық, әскери салаларда, әскери техникалық ынтымақтастықта одақтастықтың бұрын-соңды болмаған ең жоғары деңгейіне жетті, біз толағай табысқа қол жеткізе алмайтын қызмет саласы жоқ. Біз Сізді көруге әрқашан қуаныштымыз және біздің жеке байланыстарымыздың жалғасып жатқанына қуаныштымын", - деді Владимир Путин.

Кілт сөздер:
қамшы, Владимир Путин, Назарбаев
Загрузка...

Басты тақырып