05:33 13 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.81
  • EUR429.01
  • RUB6.08
Әміржан Қосанов

"Әкемді танытты": Әміржан Қосанов неге өкінетінін айтты

© Sputnik / Нурила Туржан.
Саясат
Қысқа сілтеме алу
23190323

Қоғам белсендісі өз ұстанымынан қайтпайтынын, билікке қатысты ойын ашық айта беретінін жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. Қоғам белсендісі Әміржан Қосанов парламентте әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің жобасын талқылауға қатысты. Ал журналистерге сұхбат бергенде өзіне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Тәуелсіз БАҚ ашуды ұсынды"

Қосанов бүгін парламентке азаматтық қоғам өкілі ретінде келгенін айтты. Сондай-ақ, президент сайлауынан кейін бәрін саралап, тиісті шешім шығарғанын да жеткізді.

Президент сайлауынан кейін Қосанов халық арасында танымал болып кетті. Оны өзі де мойындап отыр. Бүгінде өзіне бірқатар ұсыныстың түсіп жатқанын да ашық айтты.

Тағы оқыңыз: Қосанов парламентке барып, жұртты алаңдатып отырған мәселені көтерді 

"Бұрын мен көп оппозиционердің бірі болсам, қазір танымалдылығым артқаны рас. Сондықтан бизнес орта ұсыныс жасап жатыр. Соның ішінде бірқатар тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралын ашу, қоғамдық ұйым құру туралы ұсыныстар бар. Осының бәрін талқылап жатырмыз", - деді Қосанов.

Президент сайлауының нәтижесін не үшін мойындағанын да түсіндірді. Оның сөзіне қарағанда, "сайлауды мойындау – ол билікті мойындау емес".  

"Сол күні мен мойындамағанда қантөгіс болатын еді. Сайлаудың ықпалымен, сол кездегі көңіл-күймен халық көшеге шыққанда билік қандай қадамға баратынын өздеріңіз де сезесіздер. Екінші Жаңаөзен болмасын деп, өзім үшін азаматтық шешім қабылдадым. Қантөгіске жол бергім келмеді. Оны түсінгендер және түсінбегендер бар. Сайлауды мойындау – ол билікті мойындау емес", - дейді Қосанов.

"Сайлау кезінде тапқан қанаттастарыммен ақылдасамын"

Қоғам белсендісі ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына шақырылмағанын айтты. Осыдан кейін алдағы парламент сайлауына қатысты өз ойын да білдірді. Оның айтуынша, Nur Otan негізгі билік партиясы болса, оппозиция жеке өкпе-наздарын және өзара кикілжіңдерін ұмытып, ортақ бір ұйымның аясында топтасуы қажет.    

"Саяси тактика бар, саяси стратегия бар. Сондықтан парламент сайлауы міндетті түрде 2021 жылы болуы керек. Сол себепті әріптестеріммен, президент сайлауы кезінде тапқан қанаттастарым және серіктестеріммен ақылдасамыз. Меніңше, өзін демократ санайтын азаматтық қоғам бірігіп, бір ұйымның атынан шығуы керек", - деп атап көрсетті Қосанов.

Қоғамның мәселесі Қытаймен шектелмейді

Қосанов Жаңаөзенде өткен митингіге сыртқы күштердің қатысты жоқ деп санайды. 

"Мен онымен келіспеймін. Біздің билікте халық көшеге шықса, біреудің айтақтауымен шығып жатыр деп ойлайды. Халықтың өз пікірі бар. Өкінішке қарай, қазір қоғамда мәселе көп. Соның бәрі Қытай мәселесімен ғана шектелмейді", - деп атап көрсетті Қосанов.  

Қоғам белсендісі Божконың соңғы сөзіне қатысты өз ойын да жеткізді.

"Божкоға келетін болсақ, оны ұсынған ұйым бар. Ол – Қазақстан халқы ассамблеясы. Сонда отырған азаматтар осы мәселені қарау керек. Жалпы, абайлап сөйлеу керек. Халықпен ойнауға болмайды. Халық кез келген сөзге, өзіне қатысты кез келген теріс пікірге көтеріліп кетуі мүмкін. Сондықтан билікте жүрген азаматтар осыны білуі керек", - деді Қосанов.

Қосановтың өкініші

Қосанов мемлекеттік қызмет ұсынылды деген қауесетті жоққа шығарды. 

"Меніңше, бұл – биліктің трагедиясы. Өйткені билікке қатысты бір ой айтсаң, биліктің ішінде патриот азаматтар да бар ғой, соларға қатысты оң пікір білдірсең, сені сатылдың, бір нәрсе ұсынды деп айтады. Сайлаудан кейін әкімшіліктен ешқандай ұсыныс болған жоқ. Ақша алып жатыр, қызмет ұсынып жатыр дейді. Менің айтқан сөзімнен кейін қай мемлекеттік орган көтереді дейсіз", - дейді Қосанов.

Қоғам белсендісі өз ұстанымынан қайтпайтынын, билікке қатысты ойын ашық айта беретінін жеткізді. "Досың кім, дұшпаның кім, танығың келсе, президенттікке кандидат болып көр" деген мақалдың шыққанын және неге өкінетінін айтты.

"Осы күнге дейін оппозиция бірігуі керек, президент, парламент сайлауларында ортақ бағдарлама төңірегінде топтасуы тиіс деген ұсыныстарымның қабылданбағанына өкініп жүрмін. Қабылданғанда біз 9 маусымда сол әріптестермен тұратын едік. Өкінішке қарай, кезінде өзіммен бірге митингіге қатысқан, бір партияда болған, сотталған азаматтар тайқып шығып кетті. Сайлауға дейін менің әкемді танытып тұрып жамандады. Ал 9 маусымнан кейін мені мойындадым деп келді. Мен үшін адамгершілік тұрғысынан, саяси тұрғыдан үлкен сын болды", - деді Қосанов. 

Тақырып бойынша

Әміржан Қосанов билікке таласа алатын жаңа оппозиция құратынын айтты
Сайлауалды дебат: президентікке кандидаттар не ұсынды?
Тоқаев: Назарбаевтан ақыл-кеңес сұрауға ұялмаймын
"Біліксіз болды": ЖСДП өз басшысын партияның қатарынан шығарып тастады
Кілт сөздер:
Әміржан Қосанов
Загрузка...

Басты тақырып