Саясат

Тоқаев Ақмола облысына барды

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев на полях Акмолинской области встретился с работниками уборочной кампании
Касым-Жомарт Токаев на полях Акмолинской области встретился с работниками уборочной кампании - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы егін орағының барысын бақылап, спорт мектебі мен ауылшаруашылық өндірісі кешенін аралап көреді

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы әлеуметтік желілерде мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Қазақстан президенті Жақсы ауданындағы "Айбат" ЖШС-ның егіс алқабында болып, егін орағының барысын бақылайды. Сондай-ақ, жекеменшік спорт мектебі мен "ТНК" агрофирмасының "Урожай" серіктестігіне қарасты ауылшаруашылық өндірісі кешеніне барады.

Бұған дейін президент Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды және Атырау облыстарына барған еді.

Жаңалықтар
0