Саясат

Тоқаев Марат Тәжинді қызметінен босатты

© Sputnik / Болат ШайхиновМарат Тажин
Марат Тажин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Марат Тәжин биыл наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы қызметін атқарған еді

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек - Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік хатшы Марат Тәжинді қызметінен босатты. Мемлекет басшысының жарлығы Ақорда сайтында жарияланған.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Айта кетсек, Марат Тәжин мемлекеттік хатшы қызметіне 2019 жылдың 24 наурызында тағайындалған болатын.

Жаңалықтар
0