Саясат

Тоқаев екі министрді қызметінен босатты

© Sputnik / Владислав ВодневАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Роман Скляр премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалса, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметіне Бейбіт Атамқұлов келді

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек - Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметте ауыс-түйіс жасады.

"Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметінен босатылсын", - делінген мемлекет басшысының жарлығында.

Роман Склярдың орнына индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып Бейбіт Атамқұлов тағайындалды. Ол бұған дейін сыртқы істер министрі қызметін атқарған.

Роман Склярдың өмірбаяны

Роман Васильевич Скляр 1971 жылы 8 мамырда Павлодар қаласында дүниеге келген. Павлодар мемлекеттік университетін "инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша, Мәскеу қазіргі заманғы бизнес институтын "экономист" мамандығы бойынша бітірген. Ал Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтында "заңгер" мамандығын игерді.

© Sputnik / Абзал КалиевРоман Скляр
Тоқаев екі министрді қызметінен босатты - Sputnik Қазақстан
Роман Скляр

Әр жылдары Қазақстанның көлік және коммуникация вице-министрі, "Қазақстан темір жолы" АҚ вице-президенті, ұлттық экономика вице-министрі, инвестициялар және даму вице-министрі лауазымдарын иеленді.

2019 жылдың 25 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметін атқарған.

Бейбіт Атамқұлов туралы не білеміз

Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов 1964 жылы 19 мамырда Алматы облысы Ұзынағаш ауылында дүниеге келген.
Атамқұлов еңбек жолын 1985 жылы А.П. Завенягин атындағы Норильск тау-кен металлургия комбинатының жез балқыту зауытында балқытушы ретінде бастады.

© Sputnik / Абзал КалиевБейбіт Атамқұлов
Тоқаев екі министрді қызметінен босатты - Sputnik Қазақстан
Бейбіт Атамқұлов

Әр жылдары Қазақстанның Ресейдегі, Қазақстанның Ирандағы елшіліктерінің кеңесші-уәкілі, Қазақстанның индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы, инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болды.

2018 жылдың 26 ақпанынан 2019 жылдың 18 қыркүйегіне дейін сыртқы істер министрі қызметін атқарды.
Үйленген, үш баласы бар.

Жаңалықтар
0