18:43 16 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Қасым-Жомарт Тоқаев, архивтегі сурет

Президент тағы бірқатар ауыс-түйіс жасады

© Sputnik / Абзал Калиев.
Саясат
Қысқа сілтеме алу
9113 0 0

Мемлекет басшысының өкімдерімен әскери-әуе күштерінің қолбасшысы, "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, ШЫҰ қызметінің мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестіруші тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек - Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар ауыс-түйіс жүргізді. Мемлекет басшысының өкімдері Ақорда сайтында жарияланған.

Атап айтқанда президенттің өкімімен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасы Қарулы күштері әуе қорғанысы күштері әскери-әуе күштерінің қолбасшысы қызметінен босатылды. Оның орнына әскери-әуе күштерінің қолбасшысы болып Нұрболат Еркебайұлы Топаев тағайындалды.

"Нұрлан Мұсақанұлы Қашағанов "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды", - делінген өкімдердің бірінде. Қашағановтың орнына Асан Қуанышұлы Жүсіпов "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымын иеленген.

Тағы оқыңыз: Аз ба, көп пе: Тоқаев жарты жылда не тындырып үлгерді?

Сондай-ақ мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлік Шәкірұлы Әли Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестіруші қызметіне тағайындалды.

Айта кетсек, бұған дейін Тоқаев маңызды саяси ауыс-түйіс жүргізіп, мемлекеттік хатшы, преьмер-министрдің орынбасары, сыртқы істер министрі мен индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басшысын тағайындаған болатын.

Тақырып бойынша

Тоқаев Марат Тәжинді қызметінен босатты
Тоқаев екі министрді қызметінен босатты
Тоқаев неге бірнеше маңызды ауыс-түйіс жасағанын түсіндірді
Тоқаев Қарағанды облысының жаңа әкіміне қандай міндет жүктегені белгілі болды
Тоқаев "оралман" деген сөзден бас тартуға қатысты пікір білдірді
Кілт сөздер:
кадрлық тағайындаулар, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып