Саясат

Назарбаев Ресей мемлекеттік думасының спикерімен кездеседі

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуПредседатель Государственной Думы РФ Вячеслав Володин
Председатель Государственной Думы РФ Вячеслав Володин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей Федералды жиналысы төменгі палатасының төрағасы Еуразия парламенттері спикерлерінің кездесуіне қатысу үшін Қазақстан астанасына келді

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Ресей Федерациясы Федералды жиналысы мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володин Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесетінін хабарлады.

"Мен Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуді жоспарлап отырмын", - деді Володин 24 қыркүйекте басталатын Еуразия парламенттері спикерлерінің кеңесі қарсаңындағы екіжақты кездесулер барысында.

Ресей делегациясының басшысы Вячеслав Володин қатысушы елдер парламенттерінің спикерлерімен, оның ішінде Қазақстан парламенті мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулинмен және сенат спикері Дариға Назарбаевамен келіссөздер жүргізуде.

Биылғы кездесудің тақырыбы "Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік" деп белгіленді.

Іс-шара Тәуелсіздік сарайында өтеді, оған әлемнің 60 елінен парламент басшылары, оның ішінде 38 елден 39 спикер және 12 елден вице-спикер қатысады.

Сондай-ақ кеңеске 13 халықаралық парламенттік ұйымның өкілдері келді.  

Жаңалықтар
0