19:06 16 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Абылай Мырзахметов

Мырзахметов әйелдердің зейнет жасын төмендетуге қатысты пікір білдірді

© Sputnik / Болат Шайхинов
Саясат
Қысқа сілтеме алу
1116525

"Атамекен" басшысы зейнет жасын төмендетумен проблема шешілмейтінін, зейнетақы жүйесін өзгерту қажет екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек — Sputnik. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов президенттің қатысуымен өткен ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында әйелдердің зейнет жасын төмендету идеясы айтылғанын еске салды.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда зейнет жасын төмендету ұсынылды  

Мырзахметов тек зейнет жасын төмендетумен жүйенің проблемаларын шешу мүмкін емес екеніне сенімді. Оны толық реформалау керек.

"Президент вице-премьер Сапарбаевтың басшылығымен топ құруды тапсырды. Біз барлық төлемді бірыңғай әлеуметтік салыққа біріктіріп, оның ставкасын төмендетуді ұсынамыз. Себебі қазір жалақыға үлкен салмақ түсіп жатыр", - деді Мырзахметов.

Сондай-ақ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының пікірінше, осы саланың барлық реформасы жан-жақты тексерілген болуы тиіс. Себебі қазір мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелері аз емес.

Тақырып бойынша

"Зейнет жасын төмендету керек": депутаттар тың ұсыныс жасады
433 мың: зейнетақы қорындағы ақшаны кімдер толық шешіп ала алады?
Министр Әбілқасымова кімдер зейнетке 53 жасында шығатынын айтты
Қазақстанда зейнетақы тағайындау әдістемесі өзгерді: биыл кім қанша алады?
Министр мұғалімдердің 48 жасында зейнетке шығу мүмкіндігі туралы айтты
Мұғалімдердің зейнет жасы төмендей ме - министр жауап берді
Кілт сөздер:
Абылай Мырзахметов, зейнет жасы
Загрузка...

Басты тақырып