07:22 14 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD389.34
  • EUR428.78
  • RUB6.05
Қазақстан мен Қытай туы

Назарбаев Қытайдың бастамасы туралы не ойлайтынын айтты

© Sputnik / Болат Шайхинов
Саясат
Қысқа сілтеме алу
311601

Елбасы Қазақстан Азия мен Еуропаны, солтүстік пен оңтүстікті біріктіріп отырған тиімді транзиттік мемлекетке айналғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев астанада алғаш рет өтіп жатқан Еуразия елдері парламенті спикерлерінің IV кеңесін ашты. Өз сөзінде Елбасы Қытайдың бастамасы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз Қытай халық республикасының "Жаңа Жібек жолы" бастамасын қолдаймыз. Себебі осы бастама біз үшін тиімді, біз теңіз жолдарына шыға бастадық", - деді Назарбаев.

Еуропа мен Азияның алпыстан астам парламенттік делегациялары қатысып жатқан кеңесте Назарбаев Қазақстанның жетістіктері туралы айта келе, инфрақұрылымдық жобаларға баса назар аударды. Себебі осы бастамалардың арқасында алыс нарықтарға шығуға болады.

"Біздің теңізге шыға аламасақ та, ауқымды инфрақұрылымдық жоспарды қолға алдық. Қазіргі кезде осы жоспардың екінші бесжылдығы басталды. Қысқа уақыттың ішінде 15 мың шақырымнан астам автомобиль мен теміржол жөнделіп, жаңадан салынды. Осының арқасында Тынық пен Атлант мұхиттарына, Каспий арқылы Парсы шығанағына шықтық", - деді ол. 

Тағы оқыңыз: "Сондай күлкілі": Қытай елшісі Жаңаөзендегі митинг жайлы

Тұңғыш президенттің сөзіне қарағанда, бүгінде Қазақстан арқылы Ресей мен Еуропаға өтетін контейнерлік тасымалдың көлемі жыл сайын екі есеге артып келеді.

"Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан Азия мен Еуропаны, солтүстік пен оңтүстікті біріктіріп отырған тиімді транзиттік мемлекетке айналды. Біз өз экономикамыздың техникалық және цифрлық әлеуетін барынша көтеріп жатырмыз. Қазақстан ТМД мен Шығыс Еуропа елдері ішінде бірінші болып ЭКСПО-2017 көрмесін өткізді. Елордамызда "Астана" Халықаралық қаржы орталығы ашылды. "Doing business" рейтингісінде Қазақстан 190 елдің ішінде 28 орынды алып отыр", - деп атап көрсетті Назарбаев.

Тақырып бойынша

Тоқаевтың баспасөз хатшысы Қытайдың Қазақстандағы басты мақсатын атады
Қазақстан – Қытай жобалары
Қытайлық миллиардер қазақтар туралы не ойлайтынын айтты - видео
Джеки Чан Абайдың өлеңін қытайша оқыды - видео
"Қазақстан бізге жақсы дос": Тоқаев Қытай заң шығарушы органының басшысымен кездесті
Кілт сөздер:
Назарбаев, Қытай, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып