05:30 15 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.49
  • EUR427.26
  • RUB6.06
Светлана Жақыпова

Светлана Жақыпова қызметінен босатылды

© Photo : Служба центральных коммуникаций
Саясат
Қысқа сілтеме алу
3526 0 0

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне Ерлан Әукенов  тағайындалды. Светлана Жақыпова қызметінен өз еркімен кетті

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болған Светлана Жақыпова қызметінен босатылды, деп хабарлайды премьер-министр сайты.

"ҚР үкіметінің қаулысымен Ерлан Мұратұлы Әукенов Қазақстан республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін аталған қызметті атқарған Светлана Жақыпова өз қалауы бойынша жұмысынан босатылды", - деп жазылған сайтта.

Ерлан Әукенов туралы не білеміз?

Ерлан Әукенов 1984 жылы 5 қыркүйекте Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Бредфорд университетін, Халықаралық бизнес академиясын, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін тәмамдаған.

Ерлан Аукенов назначен вице-министром труда и социальной защиты населения РК
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов

Түрлі жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінде, "XXI ғасыр көшбасшысы" жастар орталығы" РҚБ, "Қазақстан жастарының конгресі" ЗТБ, "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингi" АҚ еңбек еткен.

Тағы оқыңыз: Тоқаев екі министрді қызметінен босатты

2010-2011 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты басшысының орынбасары;  

2011-2014 жылдары — ҚР президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;

2014-2015 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

2015-2019 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды, әлеуметтік әл-ауқат мәселесі бойынша жетекшілік еткен. 

Тақырып бойынша

Министр желіні шулатқан жергілікті полиция бастығын жұмысынан босатты
Кредиттің 300 мың теңгесі неге өтелмей жатыр – министрлік түсініктеме берді
Президент тағы бірқатар ауыс-түйіс жасады
Тоқаев жарлығы: ерлі-зайыптының кредиті қалай өтеледі?
Тоқаевтың мәлімдемесінен кейін бас дәрігер босап шықты
Кілт сөздер:
Светлана Жақыпова
Загрузка...

Басты тақырып