13:35 22 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD386.44
  • EUR428.37
  • RUB6.06
Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев и премьер-министр Сингапура Ли Сянь Лун

"Өзіңізге ыңғайлы уақытта күтеміз" Тоқаев Сингапур премьерімен кездесті

© Официальный сайт Президента РК /
Саясат
Қысқа сілтеме алу
55 0 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур премьер-министрін Қазақстанға арнайы сапармен келуге шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан – Sputnik. Ереванда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес алаңында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур премьер-министрі Ли Сянь Лунмен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында мемлекет басшысы екі ел арасындағы қарым-қатынастың достық ниетке құралғанын атап өтті.

"Біз сіздің елді құрметтейміз. Бүгінгі Сингапурдың негізін қалаған сіздің әкеңіз Ли Куан Ю Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен жақын достық қарым-қатынаста болғаны, оның 90-жылдардың басында Қазақстанға келгені есімізде. Екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастыққа берік негіз бар деп ойлаймын",– деді Тоқаев.

Өз кезегінде Сингапур премьер-министрі де екі ел арасындағы өзара қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ниетті екенін айтты.

Тағы оқыңыз: Фотодерек: Тоқаев пен ЕАЭО елдерінің басшылары Ереванда селфи жасады

"Біз Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниеттіміз. Өзіңізбен президент ретінде бірлесе жұмыс істеуге асықпын",– деді Ли Сянь Лун.

Тараптар екі жақты сауда-экономикалық, инвестициялық байланыстарды арттыруды, сондай-ақ, "Астана" халықаралық қаржы орталығы аясында қалыптасып келе жатқан өзара қарым-қатынастың көкжиегін кеңейту жайын атап өтті.

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев и премьер-министр Сингапура Ли Сянь Лун
© Официальный сайт Президента РК /
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сингапур премьер-министрі Ли Сянь Лун

Кездесу соңында Тоқаев Сингапур премьерін елімізге арнайы сапармен келуге шақырды.

"Біз сізді өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта күтеміз. Сіздің сапарыңыз өзара ынтымақтастықты дамыту үшін бірқатар нақты мәселелерді талқылауға жақсы мүмкіндік береді",– деді президент.

Загрузка...

Басты тақырып