Саясат

Тоқаев бірқатар тағайындау жасады

© Sputnik / Владислав ВодневАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент әкімшілігінің сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі мен Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 4 қазан — Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігі мен Сыртқы істер министрлігінде тағайындау жасады. Президент өкімі Ақорда сайтында жарияланған.

Құжатқа сәйкес, Дәулетбек Құсайынов президент әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі қызметін атқаратын болады.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Мамин мен Назарбаеваны Ақордаға шақырды

Ал Шахрат Нұрышев Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

Ол бұған дейін Қазақстанның Қытай мен Корей халық-демократиялық республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарған  болатын.

Жаңалықтар
0