07:15 18 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.94
  • EUR433.50
  • RUB6.10
Қытай туы

Ресей тарапы Қытайдағы лагерьлерге қатысты ұстанымын ашық айтты

© AP Photo / Ng Han Guan
Саясат
Қысқа сілтеме алу
4108 0 0

Ресейдің сыртқы істер министрі Қытайдың оқыту лагерьлері мен осы елдің саясатын қаралайтын ақпарат шетелден таралады деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 9 қазан – Sputnik. Қазақстанға ресми сапармен келген Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қытайдағы оқыту лагерлеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біздің ұстанымымызды бәрі жақсы біледі. Біз оны БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесінің отырыстары аясында талай рет айтқанбыз. Осы кеңесте жыл сайын шолу жасау процедурасы бар. Ондай шолулар әрбір мемлекетке қатысты жасалады. Сол кезде Қытай бірнеше рет түсініктеме берген", - деді Лавров Қазақстанның сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Ресей министрі Қытайдың оқыту лагерьлері мен осы елдің саясатын қаралайтын ақпарат шетелден таралады деп санайды.

Тағы оқыңыз: Қытай елшісі Шыңжаң "лагерьлеріндегі" шынайы ахуалды айтып берді

"Бізде Біріккен ұлттар ұйымы аясындағы процедуралардан басқа шара жоқ. Мен ол туралы айтып өттім. Ол - адам құқықтары жөніндегі кеңестің отырыстары", - деді Лавров.

Тақырып бойынша

Тоқаев Қытайда тек қазақ тілінде сөз сөйлеп жүр
Тоқаев Қазақстанның Қытайдағы елшісіне тапсырма берді
Қытайға қарсы наразылық акциялары: екі ел президенті не талқылайды
"Менің кінәм емес...": Қытайдағы туыстарына барған қазақ қызы қиындыққа тап болды
Ақжарқын Тұрлыбай амнистияға ілігуі мүмкін – бас прокуратура
Кілт сөздер:
Қытай, Ресей
Загрузка...

Басты тақырып