00:51 19 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
Қазақстан мен Ресей тулары

Лавров Қазақстанға не үшін келгенін айтты

© Sputnik / Болат Шайхинов
Саясат
Қысқа сілтеме алу
414 0 0

Ресейдің сыртқы істер министрі Қазақстанда өткен келіссөздерге көңілі толатынын атап өтті. Екі елдің байланысы жалғаса беретініне сенім білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 9 қазан – Sputnik. Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанға ресми сапармен келген Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз екіжақты ынтымақтастықтың даму болашағын талқыладық. Орталық Азия, Украина мен Таяу Шығыста қауіпсіздікті орнату мәселесі бойынша өзара пікір алмастық. Әсіресе, алдағы халықаралық дәрежедегі шараларға баса назар аудардық. Себебі Қазақстан мен Ресейдің шекара маңындағы ынтымақтастығы өзара сауда-саттықтың 70 процентін алып отыр. Біз аймақаралық ынтымақтастықтың XVI форумына дайындық мәселелерін пысықтап шықтық. Осы форум 7 қарашада Омбы қаласында өтеді", - деді Тілеуберді арнайы баспасөз мәслихатында.

Министр Ресеймен арадағы әріптестік байланыстар Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыты болып қала беретінін ерекше атап өтті. Ал Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров жаңадан тайындалған министрмен алғаш рет кездесіп отырғанын және екіжақты ынтымақтастықты одан ары жалғастыру жайын талқылап шыққанын жеткізді.

Тағы оқыңыз: Ресей тарапы Қытайдағы лагерьлерге қатысты ұстанымын ашық айтты

"Қарашаның басында Омбы қаласында XVI аймақаралық ынтымақтастық форумы өтеді. Оның алдында алғаш рет Қазақстан мен Ресейдің жас көшбасшыларының форумы ұйымдастырылады. Оған екі жақтан сыртқы істер министрлігінің жас қызметкерлері қатысады. Осы орайда жас дипломаттардың өзара тәжірибе алмасуы тиімді болады деп сенеміз. Әрине, бүгін біз энергетика, көлік, ғарыш, білім мен ғылым саласында бірлесіп жұмыс істеу мәселелерін де талқылап шықтық", - дейді Лавров.

Бұдан бөлек, халықаралық ұйымдар аясында өзара үйлестіру шараларын күшейту жайы да сөз болды. Әсіресе, Еуразиялық экономикалық одақ аясында интеграция мәселелеріне баса назар аударылып, осы ұйымның әлеуетін барынша пайдалану жағы қаралды.

"Біз Орталық Азия арасындағы байланыстардың оң динамикасын қолдаймыз. ТМД елдері сыртқы істері министрлерінің кеңесі қарсаңында Ашхабадта Орталық Азия бестігі мен Ресейдің сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтеді. Біздіңше, осындай бейресми диалогтың пайдасы мол", - деп атап көрсетті Лавров.

Сондай-ақ, Сирия мәселесін реттеу саласындағы Астана процесінің үлесі сөз болды.

"Дәл осы форматта гарант мемлекеттер конституциялық комитет аясында ресми үкімет пен оппозиция арасындағы нақты келіссөздердің басталуына жағдай жасады. Осы органның ережелері келісілді. Енді, осы келісімдер Біріккен ұлттар ұйымы шешімдерінің орындалуына негіз болады деп сенеміз. Біз соған жағдай жасаймыз", - деді Лавров.

Ресейдің министрі Украина мәселесін де талқылағанын жеткізді. Осы орайда ол Владимир Зеленскийдің Минск келісімін сақтайтынына сенім білдірді.

"Жалпы, бүгін Қазақстанда өткен келіссөздерге көңіліміз толып отыр. Біз тығыз қарым-қатынасымызды жалғастыра береміз. Мен өз әріптесім Мұхтар Бескенұлын Ресейге сапармен келуге шақырдым", - деп атап көрсетті Лавров.

Тақырып бойынша

Ресей мен Қазақстан арасында жүк тасымалдау көлемі ұлғайды
Қазақстан мен Ресей өнім тасымалдау жөнінде келісімге келді
Ресей мен Қазақстан кәсіби білім беруді WorldSkills стандартына сәйкес дамытып жатыр
Қазақстан мен Ресей Алматыда Ми тікұшағын құрастырады
Қазақстан мен Ресейдің сыртқы істер министрлері кездесті – видеотрансляция
Кілт сөздер:
сыртқы істер министрлігі, Ресей, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып