17:22 22 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.86
  • EUR435.32
  • RUB6.12
Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев

"Өкінбеймін": Назарбаев халық үшін қандай маңызды шешім қабылдағанын айтты

© Sputnik / Владислав Воднев
Саясат
Қысқа сілтеме алу
417520

Сұқбат барысында Елбасы президент өкілеттігін мерзімінен бұрын неге тоқтатқанын да түсіндіріп өткен

НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Хабар" телеарнасына сұқбат берді.

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай твиттердегі парақшасында хабарлады .

"Елбасы "Хабар" телеарнасына сұқбат берді. Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев "қос билік" жайлы қауесетке қатысты түсініктеме беріп, президент өкілеттігін неге тоқтатқанын айтты", - деп жазды ол.

Журналист Назарбаевтан президент өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқанына өкінбейсіз бе деп сұрады.

"Әрине, өкінбеймін. Себебі бұл жан-жақты ойластырылған шешім болды. Біріншіден, мемлекет басқарған жылдары мені сайлаған халқыма алғыс айтамын. Екіншіден, өзгерістер қажет. Дүние бір орында тұрмайды, жаңа адамдар, жаңа кадрлар қажет. Кез келген басқа адамның өз көзқарасы болады. Сондықтан өкінбеймін, халық үшін, Қазақстан үшін дұрыс жасадым деп санаймын", - деді тұңғыш президент.

Твиттерде Назарбаевтың журналистерге берген сұқбатынан үзінді жарияланды. Сұқбаттың толық нұсқасы "Хабар" телеарнасынан ертең кешкі сағат 21:30-да көрсетіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев  2019 жылдың 19 наурызында өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтататынын мәлім етті. Ол Қазақстанды отыз жылдай басқарды. Елбасы бір сұқбатында президенттік өкілеттігін тоқтатуға үш жылдан астам уақыт дайындалғанын айтқан болатын.

2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс президент сайлауы өтіп, Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті.

Кілт сөздер:
Елбасы, тұңғыш президент, Назарбаев
Загрузка...

Басты тақырып