Саясат

"Кімді жаулап жатыр?": Назарбаев Қытай басшылығымен қандай келісім жасағанын түсіндірді

© Sputnik / Владислав ВодневНурсултан Назарбаев на совещании спикеров парламентов стран Евразии, архивное фото
Нурсултан Назарбаев на совещании спикеров парламентов стран Евразии, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тұңғыш президенттің айтуынша, бірлескен кәсіпорын салғанда үкіметтер нақты қанша маманның келетінін анықтап, бекітеді

НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қытайлық қатерге қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мен "Қытай бізді жаулап жатыр" деген сияқты әңгімелерді жиі еститін болдым. Кімді жаулап жатыр? Қалай жаулап жатыр? Қазақстанның жерін біреу вагонға тиеп, алып кете ме?", - деді Назарбаев "Хабар" арнасына берген сұхбатында.

Осы орайда тұңғыш президент қытай кәсіпорындарын салу бойынша қандай келісімнің болғанын айтып берді.

"Қытай басшылығымен нақты келісім бар. Біз бірлескен кәсіпорын салғанда үкіметтер нақты қанша маманның келетінін анықтап, келісіммен бекітеді. Нысанның құрылысы аяқталғаннан кейін бәрі кетуі керек. Кезінде Ху Цзиньтао да кеткісі келмесе бізге айтыңдар деген. Бәрін алып кетеміз деді. Сондықтан фантомды үрейді таратудың қажеті жоқ. Ескі кәсіпорындарды ешкім көшіріп жатқан жоқ. Біз жетекші кәсіпорындарды, Қазақстан экономикасына қажетті нысандарды ғана таңдаймыз", - деп атап көрсетті Назарбаев.

Тағы оқыңыз: "Бұл уақытша ғана нәрсе екен...": Қасым-Жомарт Тоқаев ашық сұқбат берді 

Елбасының айтуынша, қазіргі кезде Қытайда қаражат көп. Оны бәрі алғысы келеді.

"Ал олардың бізге деген қарым-қатынасы жақсы. Жалпы, мен Қытайдың барлық басшысымен жақсы қарым-қатынаста болдым. Оны қазіргі төраға Си Цзиньпин де растап отыр. Біз осыны пайдалануымыз қажет. "Жібек жолы" жобасын қолдадық. Себебі осы жоба біз үшін тиімді. Мәселен, қазірдің өзінде Қазақстан контейнерлік тасымалдың арқасында біраз пайда тауып жатыр. Осы транзитпен жыл сайын 5 миллиард доллар табатын боламыз", - дейді Назарбаев.

Жаңалықтар
0